+2 дауыс
398 көрілді
Айтып жіберіңізші, мен ағамның несие тарихын қалай білуіме болады? Ол банктерден жасырынып жүр. Менде оның төлқұжатының мәліметтері жоқ, бірақ ағама көмектескім келеді.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
szheditor-мен келісемін. Несие тарихы әр адамға жеке тиеселі.

Ағаңызға банктерден жасырынып жүрудің еш пайдасы жоғын, керісінше проблеманы шешуге тырысу қажеттігін түсіндіріңіз. Шешілмеген мәселе қордалана береді.

Ағаңызға көмектескіңіз келетінін айтып, бірге банкке барып, білгеніңіз дұрыс.
+1 дауыс
Несие тарихы – құпия ақпарат болып табылады және оны алуға субъектісінен басқа ешкімнің құқығы жоқ (сіздің жағдайда ағаңыз). Туыстар несие тарихын тек сенімхат болған жағдайда ғана ала алады.

Ұқсас сұрақтар

...