+3 дауыс
57.5k көрілді

Қазақтың ыдыс-аяқтары, қазақ қолөнер ыдыс-аяқтары туралы ақпарат болса?

Қолөнер,ыдыс-аяқ

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Қолөнері дамыған қазақтың тұрмыстық заттары да ағаш түйін түйген шеберлердің қолынан шыққаны мәлім. Алайда осынау қолөнерімізді жоғалтып алғанымыз рас. Ел арасындағы шеберлердің шын ықыласының арқасында бүгінгі күнге қайта жетті. Бабадан қалған асыл мұрамызды ардақтаған жандар қолөнерді қайта жандандырып жатыр. Назарларыңызға қазақтың көнеден келе жатқан ыдыс-аяқтарының атауларын ұсынамыз. 

Аяқ – ағаштан жасалған көлемі шұңғыл табақтан кіші, әсем, сырлы ас құятын ыдыс.
Аяққап – киізден, былғарыдан істелген, кереге басына ілетін, аяқ сақтайтын ыдыс.
Астау – ет салатын, көлемі табақтан үлкен, ұзынша ағаш ыдыс.
Бақыраш – су құйып алуға арналған темір ыдыс.

ыдыс-аяқ, ағаш ыдыс

Бүйен – ал бүйенінен жасалған, май сақтауға арналған ыдыс.
Жанторсық – жолаушы жанында жүретін, сусын құятын шағын тері ыдыс.
Жуаз – май шайқайтын ағаш ыдыс.
Зерен – шара тәріздес, беті қақпақты, күміспен, сүйекпен шекетулеген кәделі ағаш ыдыс.
Күбі – талдан, аршадан қиып жасалатын, айран, қымыз пісуге арналған іші кең ыдыс.

Кеспек – еменнен жасалып, сырты темірмен құрсалған, су немесе іркіт құятын үлкен ыдыс.
Керсен – ағаштан жасалған шұңғыл табақтың үлкені.
Кесекқап – кесе сақтайтын аяққап тәріздес ыдыс.

Көзе – қыштан жасалатын, түбі кең, аузы тар сұйық құятын ыдыс.
Көнек – теріден қатырып жасалынған, шүмегі бар бие сауатын шелек.
Қазан – шойыннан жарты шар үлгісінде құйылған, ұстауға қолайлы, төрт құлағы бар, көлемі әр түрлі, бетінде қақпағы бар тамақ пісіруге арналған ыдыс.

Қарын – бұзаудың, қойдың қарнынан жасалған май сақтайтын ыдыс.
Қасық – ағаштан, темірден жасалған сұйық тамақ ішетін ыдыс.
Құты – су, сусын құятын шағын ыдыс.
Құмыра – қыштан жасалған, сұйық ас құятын ыдыс.

Құман – қолға су құятын шәйнектің бір түрі.
Құманша (ақ құман) – шай бұқтыратын шағын ыдыс.
Ожау – сұйық құятын сапты ыдыс.
Мес – ас құятын, сақтайтын тері ыдыс.
Саба – жылқы терісінен тігілетін, қымыз құятын кәделі ыдыс.
Самаурын – шай қайнататын ыдыс.
Табақ – ет тартатын, кәделі, жиекті ағаш ыдыс.

Таба – отқа салып нан көметін екі бетті ыдыс.
Торсық – су, сусын құятын шағын тері ыдыс.
Тостаған – ағаш аяқтың шағын түрі.
Тегеш – металдан жасалған мескенің бір түрі.
Тегене – ағаштан жасалған шұңғыл тік жиек ыдыс.
Топатай – су, сүт құятын кішкене ыдыс.
Түйемойнақ – түйенің мойын терісінен жасалған, су құятын тозбайтын үлкен ыдыс.
Піспек – сабадағы, күбідегі асты шайқайтын дөңгелек басты сапты құрал.
Шөген – шойыннан жасалған шұңғыл, қазан тәрізді ыдыс.
Шелек – су таситын, мал сауатын қаңылтыр не ағаш ыдыс.
Бие – шелек тек бие сауатын шелек.
Шәугім – құманның бір түрі.
Шара – ағаштан ойып жасаған қымыз немесе сұйық ас құятын шұңғыл тік жиек ыдыс.
Шәйнек – жезден, мыстан жасалған құманның бір түрі.
Шөміш – қазаннан ас құятын ыдыс, ожаудың бір түрі.
Шанаш – тұз сақтайтын тері қапшық.
Шылапшын – қол жуғанда пайдалынылатын ыдыс.
Қауға – құдықтан су тартатын шелек.

Жуаз – май шайқайтын ыдыс.
Табақ - тағам сақтайтын.
Керсен - ағаш табақтың үлкені.
Зағыма - түбі таяз үлкен табақ.
Сарқым – сусын құятын тұтқалы ыдыс.
Ожау - сұйық құюға арналған шөміш.
Тегене - жиектелген тік ыдыс.
Тостаған - шағын ағаш аяқ.
Самар – етсалатын үлкен астау.
Күбі - қымыз, шұбат пісетін, май шайқайтын ыдыс.

Жылқының, өгіздің мойын терісінен жасалатын, қымыз қүюға арналған түрлі торсықтар бар. Ал қымыз ашытатын ең үлкен ыдыс – саба. Саба тұтас теріден тігіледі.
Торсық - сыйымдылығы 3-8 литр болатын қымызқұятын ыдыс.
Сүйретпе - қымыз сақтайтын ыдыс.
Бөрдек - қымыз ашытатын торсық.

Бұлқыншақ, меске, шанақ - сұйық ас құятын ыдыстар.
Көнек - бие саууға арналған шүмекті ыдыс.
Шанаш - тұз сақтайтын тері қапшық.


Қыштан жасалынған ыдыстар:
Құмыра – ұзын мойынды тұтқалы ыдыс.
Көзе - су қүюға арналған шағын ыдыс.
Кереңке - сүт құю үшін жасалған құмыра.
Халқымыз келген қонаққа қандай ыдыспен ас тартуына ерекше мән берген. Үйде сынық ыдыс-аяқ ұстамаған.


Ақпараттар «Дәстүр» ұлттық-этнографиялық журналынан алынды.

Суреттер «Қазақтың дәстүрі мен мәдениеті» кітабынан алынды. 

күбі

0 дауыс
сен 5сағаттан кейін өлесін
...