0 дауыс
1.2k көрілді
Флегматик темпераментіне байланысты деректі, бейнелі, логикалық сұрақ керек?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Темперамент анықтау тесті. Сенің жақсы көретін ансамбілің немесе тобың МұзАрт т.б. концерт қойып келді. Сен зорға дегенде билет алдың. Концерт көруге келдің. Сәл кешігіп қалдың. Концерт басталып кетті. Есік жабық. Клубтың іші лыққа толы. Әйнек есіктен іші көрініп тұр. Сығылысқан адам, Контролер есіктің ішін іліп алып тұр. Сен не істер едің?. А) Бар күшіммен есікті ұрып, «Аш» деп айқайлап, есікті теуіп, билетті көрсетіп айқай шу шығарамын. (ХОЛЕРИК) Б) Қайтсем де, есікті аштырып алу жолдарын іздестіремін. Контролерға жабық тұрған есіктен жылы-жылы сөздер айтып, т.с.с (САНГВИНИК) В) Іштей өзімнен-өзім қатты ашуланып «Мен сондай жолы болмайтын бір құрған адаммын, құдай-ай» т.с.с Өзімді-өзім кінәләп кетіп қаламын.(МЕЛАНХОЛИК) Г) Жарайды, бұл жолы болмаса келесі жолы деп кетіп қаламын.(ФЛЕГМАТИК) Сіз темперамент бойынша кімсіз?
Темперамент түрлері САНГВИНИК Бет-әлпеті құбылмалы және қозғалысы анық. Оның жүзіне қарап көңіл-күйін, адамға деген қарым-қатынасын аңғаруға болады. Зейінін тез аударады. Жаңа адамдармен тез тіл табысады. Өте қажырлы, әрі жұмысқа қабілетті. Сабақта қолын жиі көтереді. Шаршамай көп уақыт жұмыс істей алады. Жаңа іске асқан белсенділікпен кіріседі. Эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз, көңіл-күйін лезде өзгертеді. Өте қызба. Әсершіл, ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп, әуестенуі де оңай, басылуы да жылдам. Төңірегіндегі оқиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі болып келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді. Қозғалғыш та қызу. Еті тірі, сергек. Сезім күйлерін сыртқы түрі мен қимылы әйгілеп тұрады. Бірсыдырғы, жай істелетін жұмысқа шыдамы жетпейді. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді. Мимикалық қимылы көп. Ақ жарқын, ашық. Жарнаманы, жаңалықты тез қабылдайды. Жедел қимыл, шапшаң сөйлеу, жұмысқа бірден кірісіп кету тән. Ақыл-ойдың шапшаңдығы, тапқыштығы бар. Қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпынысы көп, дегенмен тез басылып қалады. Бастаған ісіне тиянақты болмай, ісі аяқсыз қала береді. Уәде береді, бірақ оны үнемі орындай бермейді. Өкпелеп қалуы оңай, өкпелемесе жылап жібереді. Алайда ренжігенін лезде ұмытады. Өзінің эмоциясын, ренішін жасырмайды. ФЛЕГМАТИК Жайбасар, сыртқы көрінісі салмақты, мінезі ауыр. Мақсаты айқын. Өз ісіне ұқыпты. Флегматикке аз уақытта әр түрлі бірнеше жұмысты қатар алып жүру ұнамайды. Флегматик жұмысқа үлкен дайындықпен асықпай кіріседі. Жұмыс істеу жылдамдығы орташа. Ол бастаған ісін соңына дейін тыңғылықты орындап шығады. Ол өз ісінің сапалы болуына ерекше көңіл бөледі. Өзі жақсы білетін жұмысқа тыңғылықты кіріседі. Оған «өте баяу, жайбаратсың» деп ренжудің қажеті жоқ. Себебі бұл оның еркінен тыс нәрсе. Флегматикті күлдіру де, ренжіту де оңай емес. Олар шыдамдылығымен, өзін-өзі ұстай білуімен ерекшеленеді. Қимылы, сөзі баяу. Жаңа ортаға бірте-бірте жай бейімделеді. Жаңа адамдармен тіл табысуда қиналады, сыртқы таңданысын білдіре бермейді. ХОЛЕРИК Адамдармен қарым-қатынаста тік, дегенмен шешімге келгіш. Айтыс-тартыста тапқыр. Кек сақтамайды. Ұстамсыз, қызба мінезді. Шыдамсыз. Әңгіме кезінде сезімді бет қиымылмен, құбылыспен жеткізеді. Тәуекелшіл. Жұмысты жылдам істейді. Бір орында тұрақтамайды. Кемшілікке төзбейтін, өз ойын дәлелдеу үшін бет бақтырмайтын әдеті бар. Холериктің сезімталдығы төмен болғанымен, белсенділігі мен сыртқы ортаны сезінуі жоғары. МЕЛАНХОЛИК Меланхолик бейтаныс адамдармен тіл табысуға қиналады. Күтпеген жағдайларда абдырап қалады. Өз күшіне сенбейді. Ұялшақ. Болмашы нәрсені жүрегіне жақын қабылдап, сәтсіздікке жиі әсерленеді. Тез өкпелеп, тез ренжіп қалады. Өзімен-өзі болып, тыныш, қауіпсіз жағдайда жұмысты тындырымды істейді. Белсенділігі төмен. Тез шаршайды, жай сөйлейді. Әңгімелескен адамның мінез-құлқына еріксіз көнеді. Пікірталасуды қаламайды, белсенділік те көрсете бермейді. Ренжіген нәрсесін ұзақ уақыт ұмыта алмайды, жұмыс кезінде де соны ойлап, қателік жіберуі мүмкін. Сырт қарағанда сабырлы көрінгенімен, күйгелек және уайымшыл. Меланхоликті оқыту қиын, қорқыту одан да қиын.
...