0 дауыс
358 көрілді

Түрксіб ауданының прокуратурасы жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың азаюына қол жеткізді

Түрксіб,аудан,прокуратура

Ағымдағы жылдың жарты жылдық қорытындысы бойынша Түрксіб ауданында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда еке есе өскендігі байқалған (13 қылмыс 7 қарсы).

Прокуратурамен жүргізілген талдау қорытындысы, жасөспірімдермен белгілі бір уақытта және күндері көбінесе жеке меншікке қарсы қылмыстар (тонау, ұрлық және т.б.) жасалатындығын, оның бірден бір себебі сол жасөспірімдердің бос уақыттарының көп болуы, осы бағыттағы мемлекеттік уәкілетті органдардың жұмыстарының әлсіздігін көрсетті.

Осы жағдай ескеріліп, ағымдағы жылдың маусым айында Түрксіб ауданы прокурорының басшылығымен кеңейтілген жиналыс өткізілді. Аталмыш жиналысқа аудан Әкімі В. Устюгов, «Қазақстан балалар қоры» қоғамдық бірлестігінің директоры Э.Ватлина, Алматы қаласы Әкімдігінің мемлекеттік жастар саясатын дамыту қоры директорының орынбасары А. Ауғанбаева, сонымен қатар, уәкілетті органдар мен білім мекемелерінің өкілдері қатысты.

Жиналыс қорытындысы бойынша осы саладағы жұмысты күшейту және  кез келген қылмыстың алдын алу мақсатында нақты жоспарлар құрылып, аудан аумағындағы жасөспірімдерге арналған демалыс орындарын ұйымдастыру, білім мекемелерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жандандыру    бағдарламалары қабылданды.

Сонымен қатар, полиция органдарына демалыс күндері және ауданның белгілі бір аумақтарында патрульдік-бақылау  жұмыстарын күшейту туралы нұсқаулар берілді.

Осындай келелі іс-шараның нәтижесінде, 2014 жылдың 3 тоқсандығында 2 қылмыс қана орын алған, ал жалпы қылмыстар саны осы кезеңде 17 % пайызға төмендеген (2013 ж.-18 қылмыс, 2014 ж.-15 қылмыс).

«Соған байланысты, прокуратура органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдарының бірлесе атқарған жұмыстары, аудан аумағындағы жасөспірімдер арасындағы қылмыс санының азаюына ықпал етті. Қазіргі таңда осы бағыттағы жұмыс жалғасуда», - деп сөзін түйіндеді Түрксіб ауданының прокуроры Тимур Атжанов.     

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...