0 дауыс
1.0k көрілді
Ислам дiнiн қабылдаған атақты спортшылар бар ма?Мысалы:К.Роналду,М.Тайсон,З.Зидан,Ф.Рибери,К.Бензема,М.Өзіл т.б. Осылардан бөлек мұсылман спортшылар бар ма?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жан азығын Исламнан тапқандар

Ислам дінін қабылдаған спортшылар қазіргі кезде аз емес. Бұған дейін осы мәселе төңірегінде әңгіме қозғала қалса, Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Зинедин Зидан сынды танымал спортшылардың есімі атанатын-ды. Бүгінде хақ дінге мойынсынған спортшылардың қатары көбейіп келеді. Солардың бірқатарын «Нұр Астана» жастар апталығы оқырман назарына ұсынып отыр.

1. Атақты француз шабуылшысы Тиери Анри 2010 жылы әлем чемпионаты қарсаңында мұсылман дінін қабылдады. «Шариф-ньюз» интернет-сайттың хабарлауынша, Ұлыбританияда жүріп жұма намазын қаза қылмайтын Анри мұсылман шарты бойынша алтын әшекей тақпайды. Анри қақпаға гол соққан сайын жасыл алаңда сәждеге жығылғандай ишара жасап, Аллаға құлшылық етеді.
2. Баскетболдан «Лос-Анджелес Лейкерс» командасы сапында НБА-ның 5 дүркін чемпионы атанған Льюис Фердинанд ислам дінін қабылдағаннан кейін, Карим Абдул-Жаппар атын иемденді. Ол тіл үйрену және жүрегіне иман нұрын күшейту үшін 1973 жылы Сирия мен Сауд Арабиясы елдеріне арнайы барып, өз жоспарын жүзеге асырған. Карим Абдул-Жаппар мұсылмандар бес парызын толық орындап, Жәннатқа апарар жолды табу керек деп ойлайды.
3. «Севилья» командасының және Мали құрамасының шабуылшысы Фредерик Кануте ислам қағидаларын толықтай ұстанады. Ислам дінін 20 жасында қабылдаған шабуылшының қазіргі есімі – Фредерик Омар Кануте. Ол Рамазан айында клуб басшыларының ескертулеріне қарамастан 30 күн ораза ұстаған.
4. Футболдан Франция құрамасының капитаны болған Патрик Виейра да жамағат қатарына қосылғалы біраз болды.
5. «Челсидің» бұрынғы шабуылшысы француз Николя Анелька (суретте сол жақтан екінші) да бүгінгі таңда намазға жығылып, тіпті мұсылманның бес парызының бірі қажылық сапарға да барды. Ол өзіне Абдул Салам Біләл деген екінші атты алған.
6. 1969 жылы туған атақты баскетболшы Крис Джексон (суретте сол жақтан үшінші)22 жасында Ислам дінін қабылдаған. 1993 жылы ол өзінің есімін Махмуд Абдул-Рауф деп өзгертті. Өзінің исламды қалай қабылдағаны туралы Крис былай дейді: «Мен жан азығын исламнан таптым. Бар болғаны осы. Әйтпесе, менің отбасым құлшылығын баптистік шіркеуде жасайтын. Мені және бауырларымды христиан дәстүрі бойынша тәрбиеледі. Алайда, одан жан рахатын таба алмаған едім».
7. Франция құрамасы және «Барселона» командасының қорғаушысы Эрик Абидал 2003 жылы хақ дінді мойындап, қазіргі кезде есімін Эрик Біләл Абидал деп өзгерткен.
8. 2009 жылы «Интер» сапында тер төгіп жүрген Салли Мунтари «Интер» – «Бари» кездесуінен кейін жасыл алаңда Құдайға сиынғанын Италия БАҚ-тары жарыса жазды. Гана ойыншысы бес уақыт намазымен қатар, жыл сайын ораза ұстайды.
9. Баскетболдан АҚШ құрамасы сапында Атланта олимпиадасының чемпионы атанған Хәкім Абдул Оладжьювон 1991 жылы Ислам дінін қабылдап, есімін  ауыстырған. 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та орын алған жағдайға байланысты Хәкім өз көқарасын былай деп білдірді: «Бұл қылмысты жасаушылар мұны ислам үшін жасадық деп түсіндіреді. Алайда, ислам лаңкестік те, расизм де емес. Ислам – жарық сәуле, адалдық, шынайылық, заңға бағынушылық». Өткен ғасырдың 80-жылдарында жұбайымен ажырасқаннан кейін, күйзеліске ұшыраған Хәкім Абдул хақ дінді қабылдап, қазірге дейін соның жолымен жүріп келеді. Оның ақшасына Хьюстон қаласында бірнеше мешіт бой көтергенін де айта кеткен жөн.
10. «Бавария» командасының жартылай қорғаушысы Франк Рибери 2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатында ойын басталар алдында қос алақанын көкке жайып, Аллаға құлшылық жасаған әрекеті көпшіліктің назарын бірден өзіне аударды. Өзінің мұсылман болғанын жария етуді ұната бермейтін Риберидің Ислам дінін қабылдауына тегі Мароккадан шыққан әйелінің ықпалы болған деседі. «Пари Матч» журналына Рибери: «Футбол алаңында да, өмірде де күш-қуатты Исламнан таптым», – деп сұхбат берген.

бір сайттан көшіріп алдым)))
0 дауыс
Мұхаммед Али ислам дінін қабылдаған
0 дауыс
Мұхаммед Әли және Тайсон
...