ТЕК ҚАНА АМЕРИКАДА... - iPhone 200 $. - электронды поштадан гөрі кәдімгі пошта жәшігін көп пайдаланады. - дүкенге кіргенде,сатушы "Халыңыз қалай?" деп сұрайды. - супермаркетте бірнәрсеге қарап тұрғаныңызда,жаныңыздан өтіп бара жатқан адам кешірім сұрайды. - жанармай құю бекетінің жұмысшысы сізге сәтті күн тілейді. - таңғы сағат 05:30-да сен жұмыста боласың. - дүкенде кішкентай балдардың өзі чек немесе картамен есептеседі. - егер 16 жасыңда жүргізуші куәлігің жоқ болса,ол - ұят. - дүкенге,ауруханаға,мектепке ұйықтар алдында киетін киіміңмен келсең де,саған ешкім ештеңе демейді. - бағдаршамда тұрғанда,жаныңдағы көліктің жүргізушісі сенімен амандасады. - кішкене қағаздың өзін лақтыруға қорқасың. - оқушылар партаның астына сағыз жабыстырмайды. - сабақ түсіндіріп жатып,мұғалім өзінің жүктілігі жайлы әңгіме айтуы мүмкін. - МакДональдсте қалаған сусыныңды қалаған мөлшеріңше тегін құйып аласың. - аз ғана ақшаға нағыз "Armani" брендін сатып аласың. - сенің сүйікті кафеңде даяшы атыңды жатқа біледі. - боқ сөздер мен дөрекі сөздерден гөрі,жылы лебіздер мен жақсы сөздерді көп естисің. - "Кока-Коланы" тек қабымен сатады.(блок) - қыста жазғы аяқ киіміңді емін-еркін киіп жүре бересің. - терезеден мастардың әнін емес,балалардың күлкісін естисің. - ешкімге кедергі жасамасаң,бағдаршамның қызыл түсінде оңға бұрыла аласың. - жүз жасқа келген әже биік өкшелі туфли киеді. - жылдамдықты шамадан тыс асырсаң полиция қызметкері тоқтатып,сенің соншама қайда асығып бара жатқаныңды сұрайды,және айыппұл салмай,сәттілік тілейді. - iPhone-ыңмен ешкімді таң қалдыра алмайсың. - өзің білмейтін көлік маркаларын көресің. - президенттің аман-саулығы үшін дұға оқиды.