+3 дауыс
395 көрілді
Сәлем бердік Сұрақ-Жауап сайтының қолданушылары!

Алдағы келе жатқан сайттың 4 жылдығымен құттықтаймын. Әні-міне дегенше 4 жыл уақыт зымырап өтіп кетіпті. Биылғы жылы аса бір дүркіретіп тойлай алмасақ та, Құдай қаласа 5-жылдығын дүркіретіп тойлайтын боламыз. Әр қалада шағын болса да өздеріңіздің достарыңызбен кездесу ұйымдастырсаңыздар үлкен алғыс.

Жақын күндері сайттың ішінен Қазақстандық видеоларды бір сайтқа топтастыратын жобаны қолға алған едім. Қазіргі кезде тест үлгіде https://surak.baribar.kz/video/ істеп тұр. Жоба сайттан бөлек Wordpress арқылы істеп тұр. Мен Шымкент қаласына барып келгеннен кейін, белсенді сайттың қолданушыларына аккаунт ашып бермекпін. Өздері күнделікті сайтқа кіріп YouTube сайтынан Қазақстандық қазақша әндер, кино, мультфилм, видеоблогтар, т.б. ақпараттарды сайтқа толықтырып отырса болады. Жобаның басты шарты Видео Қазақ тілінде болуы керек.

Қайта ссы айдың 12-не Алматы қаласында нақты боламын, Құдай қаласа. Сол кезде Мен салып көрейін!- деген ерікті қолданушыларға аккаунт ашып бермекпін. Ал өзіме келетін болса мен де видеолар салып, толықтырып отыратын боламын, бірақ мен барлығына үлгере алмайды екенмін. Сайттың техникалық жағы, сайтты дамыту жағы бар дегендей. Сондықтан ол бөлімді видеоларға толықтыру жағына келгенде сайттың белсенділеріне үміт артамын.

Видео бөліміндегі Сұрақ-Жауап санатына сайт туралы жаңа видеонұсқаулықтар салынады. Қалай сайтты қолдану керек, қалай сурет қосу, қалай тіркелу секілді т.б. ақпарттар болмақ.

Есесіне біз Видео бөлімінде Қазақстандық концерттер, мультфильмдер, кино, клиптер жиналған жоба ететін боламыз. Егер демеуші табылса сайттың тек өзімен байланысты конкурс жасамақшымын.

Жаңа жылға дейін сайтта біршама жаңартулар орын алмақ. Барлық жаңартулар сіздер үшін жасалуда, Рахмет.

4 жауап

0 дауыс
Жақсы бастама екен ал видео қосалық...
0 дауыс
Иа Админ мырза сізді және басқа қолданушыларға СЖ сайтының 4 жылдығын алдын ала жылыңызбен кұттықтаймын СЖ сайтты өркендеп одан сайын дамып жатыр дами берсін Мен сайттың 10 қазанында  болмаймын себебі мен 4 қазанда бас қаламыз  Астана қаласына емделуге кетекмін бұйыртса тағы операция жасайды.Жақсы рахмет!
+1 дауыс

Жақсы бастама қолдаймын.

Әсіресе Қазақша Бейне Сабақтарды көбейту керек. Ю Тубта таппайсың қазақша бейне сабақты бәрі орыс тілінде.

+1 дауыс
Ассалам алейкум, барша СЖ сайтының қолданушылары.

Админ мырза, жақсы бастама екен, сайт дами берсін. Мен жеке басымның шаруалары бойынша сайтқа көп кіре алмай жүрмін, сол себепті кешірім сұраймын.
Хехехе) Кешірім сұраймын дейсің)
Кешiрдiк
...