Несие төлеу қиын болып барады. Банк тарапынан қандай да бір көмек болар ма?

+3 дауыс
1.2k қаралым
Біз пәтерімізді кепілдікке қойып, бизнесімізді дамытуға несие алдық. Жылдық өсімақысы 18 %. Ай сайынғы төлем 282 мың теңгені құрайды. Қазір бизнесіміз жүрмей тұрғандықтан табысымыз аз. Несие төлеу қиын болып барады. Осы орайда банк тарапынан қандай да бір көмек болар ма?
• Санаты: Банк

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан заңдары бойынша пәтер сатып алу несиесі немесе пәтерді кепілдікке қойып алынған несие ипотекалық несие деп есептеледі. Үкімет бұрын рәсімделген несиелерді қайта қаржыландырып, банктерге өсімақысын азайтуға қаржы бөліп отыр. Демек, несие мөлшерлемесі 18 %-дан 11 %-ға дейін төмендетуге мүмкіндігіңіз бар. Бірақ ол үшін мына шарттар орындалу керек:
1. пәтер сіздің жалғыз баспанаңыз болу керек;
2. оның аумағы 120 шаршы метрден аспауы керек;
3. төлемдерді кешіктірмеуіңіз керек.
Ал несие төлеуді бір жылға тоқтата тұру немесе айлық төлемдердің жартысын төлей тұру секілді жайттар банк пен қарызгер арасында ғана шешіледі.

Ұқсас сұрақтар

127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы