0 дауыс
18.0k көрілді
Асаба сөздерi қажет едi, бiлгендерiңiздi жазып жiберсеңiздер
Біз жақта "тамада" дейтін еді ғой
Тамада деген орысша ғой ендi

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жауап берсең еппен бер,
Сорпа берсең етпен бер.
СЖ жаман сайт деп,
Ешқашанда сөкпеңдер.
Жақсы жауап таптым деп,
Құйрықтан бізді теппеңдер.
Өлеңiң жаман деп,
Абыройымды төкпеңдер
Денсаулыққа пайда деп,
Темекіні шекпеңдер.
Егер көрiнбей кетсем менi ұмытып кетпеңдер.
Тұсау кесер сүндет той
Шілдехана бесік той
СЖ сайтының онына төрт жасына толған той
жуған той бірін бірі қуған той.
Маған дауыс берген адамның сүйгенiне қосылсын,
Дауыс бермеген адамның қызы қашып кетсін!
+++++))) өзің шығардың ба?
Ия қазiр шығардым...
Базар жоқ Таке)
Абайский жерлес, жеке хатыңды ашып қойсай, айтатын әңгіме бар.
0 дауыс

Асабаға конкурент қажет емес..laugh ((Той видеоларынан жаттауға болады, ынтасы барлар солай жасап жүр))

0 дауыс
Ассалаумағалейкум қайран елім,
Тойға деп дастарханын жайған елім.
Қуанышын бөлісу үшін ел-жұртымен,
Қорада мал қалдырмай сойған елім.
Асаба боп бұл тойға менде келдім,
Қоржыныңды қолтықтап сенде келдін,
Осы сұрақ-жауап сайттында отқандарға,
Телефон арқылы болсада сәлем бердім. Асаба Жасұлан МАМЫР +7 7754 2526 58
0 дауыс
БЕТАШАР

Той басталған ортада

Бақыт тілеп баршаға

Асаба, ақын ұлдарың

Келіп қалды ортаңа

Ал ендеше бастайын

Сырлы сөзден аспайын

Бетін ашып келіннің

Таныстырып тастайын.

Айналайын келін де

Сәлем салып еліңе

Көмекшім боп өзің тұр

Мына тойда менің де!

Қайын ата

Ағайынды жинаған

Барлығына сыйлы адам

Ұл-қызының бағы үшін

Той жасаған ата-анаң

Өз әкеңдей бұл кісі

Аянбаған қызы үшін

Сен дегенде жүзінен

Көрінетін күлкісі

Қамқор болар панаң да

Сыйлы кісі саған да

Мына тойда көрімдік

Үйіп берер маған да

Айналайын ақ келін

Қайын атаңа бір сәлем!

Қайын апа

Одан кейін асыл жан

Жүзінен нұр шашылған

Анаңдайын әрқашан

Табылатын қасыңнан

Тілекшің боп үнемі

Осы кісі жүреді

Бір немерем болса деп

Арман етер жүрегі

Жақсылығыңды асырған

Жамандығыңды жасырған

Бұл кісі болар жақсы бір

Осы әулеттегі ең досыңнан

Бұл кісі десе әрқашан

Дайында дәмді асыңнан

Күлімдеп берсең шайын да

Бақытың кетпес басыңнан!

Айналайын ақ келін
Қайын апаңа бір сәлем!

Нағашы
Жақсылығыңа сүйінген

Жамандығыңа күйінген

Қандай жақсылық болса да

Табылған әркез үйіңнен

Қолында барын беретін

Қолдаушың болып келетін

Жарыңа да, саған да

Жақсылық тілеп сенетін

Айдостың (мысал)нағашылары –

Нағашыларыңа бір сәлем!

Жиендер

Қылығы тәтті еркелер

Оларды нағыз ерке дер

Жақыным деген туысын

Айдосты ағам деп білер

Айдосқа әркез тілекші

Мейірімге толған жүрегі

Қашан да бірге қуанар

Сол жиендердің өзі еді

Айналайын ақ келін

Айдостың бүгін жиылған

Жиендеріне бір сәлем!

Бөлелер

Кең болған кезде кереге

Тең болған елмен терезең

Жақын көп болса өмірде –

Бауырың болар бөле де!

Жолдары болған өнеге

Бауырмал болған бәрі де

Айдосқа бүгін құттықтап

Келіпті міне бөлелер!

Айналайын ақ келін

Айдостай жан жолдасыңның

Бөлелеріне бір сәлем!

Жезделер

Бақытты іздеп көз көрген,

Жан жарына шын сөз берген

Айдостай ердің тағы да

Тілекшісі ол – жезделер

Жарын да сыйлап үйін де

Келтірген түзу күйін де

Қуаныш болса, той болса

Айтатын әнін өзі де

Көрсеткен өнер, биін де

Жезделеріне бір сәлем!

Көршілер

Болғанда жақсы көршісі

Бақыттың ол да еншісі

Ауылдас жақын ел болса

Өмірдің қызық сол тұсы

Жақсылықтары мол кісі

Беретін ылғый қол ұшын

Келіпті бүгін бұл тойға

Айдостың талай көршісі

Айналайын ақ келін

Көршілеріне бір сәлем!

Қайын сіңілілер

Тәрбиесінде тағылым

Жанынан төккен жылуын

Көзіндей көрер жеңгесін

Өзіңдей болар сіңілің

Еркелеп күнде жүретін

Қадіріңді шын білетін

Мейірімменен ақ пейілге

Толтырған жұмыр жүрегін

Айналайын ақ келін

Қайын сіңілілеріңе бір сәлем!

Қайын інілер

Ағаның досы іні дер

Ініден қай жан түңілер

Қадірі оның әрқашан

Осындай тойда білінер!

Ағаның болған оң қолы

Жеңгенің болған жан досы

Онымен бірге сырғыған

Бақыттың алға арбасы

Айналайын ақ келін

Қайын інілеріңе бір сәлем!

Достары.

Жиылған бүгін жастарым,

Бірігіп бүтін бастары

Келіпті бүгін бұл тойға

Айдостың асыл достары

Дос десе көңіл ақ қардай

Доспенен қызық шақтарда ай

Өмірдің нағыз қызығын

Доспенен ғана тапқандай

Айналайын ақ келін

Жүзі де жұмсақ мақпалдай

Салыңыз енді бір сәлем

Осындай жақын достарға ай!

Айналайын ақ келін

Жақын достарға бір сәлем!

(с) Абай Ақбай.  Хабарласыңыздар. Осындай жазып беремін тағы варианттар.  87772063977.Абай. Ақбай. Әлиұлы
...