–1 дауыс
496 көрілді

3 жауап

+2 дауыс
Бақсылардың екі түрі барғо 1-ақшаға қызықса,2-еліне көмектесетіндер.Бірақ Бақсыға барган дұрыс емес кейбіреулер жол аштыруға барса керісінше жолдары байланып қалады деп естимін.Әр адамның тағдыры маңдаына жазылғанғо оны өзгерту мүмкін емес.
тағдырды өзгертетін ол-дұға...

Аллаһ Тағала жер бетіндегі келіп кететін күллі тіршілік атаулының тағдырын әуелде Ләуһу Махфузда жазып қойған. Ләуһу Махфуз негізгі ана кітап болғандықтан Аллаһтың одан басқа «Ләуһу Маху», «Лауһу Исбат» есімді тағдыр кітаптары бар. Міне, осы тағдыр кітаптарында Аллаһ қалағанын өшіріп, қалағанын сол күйінде қалдырады

Аллаһ қаласа пендесінің тағдырын немесе қазасын өзгертуі мүмкін. Дегенмен бұл мәселеде пенденің ниеті мен іс‑әрекеті негізгі рөл ойнайтындығын мына хадистен аңғаруға болады.

Бір күні Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) құлайын деп тұрған үйдің қасынан өтіп бара жатып, жылдам жүреді. Сонда қасындағы сахабалар: «Ей, Аллаһтың Елшісі! Аллаһтың қазасынан қашып барасыз ба?» – деп сұрағанда, Хазіреті Пайғамбарымыз: «Аллаһтың қазасынан Аллаһтың тағдырына (қадарына) сыйынамын», - деп жауап  береді
+1 дауыс
Негізі біреулер жолын аштырту, ауруынан құтылу үшін барса, ал біреулері кейбіреулердің жоолдарын жабу үшін, тосқауыл болу үшін  барады. Негізі бақсыға барған Аллаһ Тағалаға серік қосу деп білем, шын мәніне келгенде күнә деп білем. Яғни ақша алу арқылы тілегін орындап беру ғой. Ал ол ақша таза жолмен келді ма, харам жолмен келді ма бір Құдайдың өзі біледі. Өз басым ешқандай бақсыға бармағам, бармайм да пал да аштырмайм, пешенеге жазылғанмен жүреміз ғой, Иншаллаһ..
+1 дауыс
Бақсыға барған дұрыс емес. Ол күнә. Өйткені ол жерде ақиқи шындық жоқ. Егер келешекті қандай болатындығын білгіңіз келсе, онда адамның жасап жүрген әрекеттерінен байқап көрініз. Ол бақсыға бармай-ақ белгілі. Келешекте үлкен жетістікке жететін адам, көшеде бұзақының күнін кешпейді, сол секілді келешектегі бұзақы, қазіргі күндері оқымыстының немесе ақылды адамның күнін кешпейді. Қазіргі жасап жатқан әр бір әрекетіңіз ертеңгі күнге жасап жатқан салымыңыз.
...