0 дауыс
36.7k көрілді
Жеке оқушыға мінездеменің жазылу үлгісі керек еді?

2 жауап

0 дауыс
Мінездеме , практикаға ма?
+1 дауыс
ОҚУШЫЛАРҒА МІНЕЗДЕМЕ

БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген ауылы
Мерген орта жалпы білім беретін мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Нигметова Маншук Ханзадақызы

Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің 1 сынып
оқушысы Сансызбай Аяулымға

Мінездеме

Аяулым 2012 ж 1 қыркүйекте мектепке қабылданды. Мектепке дейінгі мекемеде болған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады.
Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Оқу материалын қабылдауы жоғары. Зейіні тұрақты, ойлау қабілеті жоғары. Мінезі ашық, көңіл – күйі тұрақты. Темпераменті сангвиник – флегматик. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, қарым- қатынасы жақсы, кішіпейіл. Сыныптан тыс шараларға белсене қатысады.

Оқу бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген. Пәндерге қызығушылығы жоғары. Қай пәннен де тапсырмаларды өздігінен орындай алады.
Математикадан сандарды оқып, қосып және азайтып алады. Мазмұнды есептер мен логикалық тапсырмаларды орындауда ойлау, анализ жасау қабілеттері өте жақсы дамыған.
Сауат ашудан барлық әріптерді толық меңгерген. Сөздермен мен сөйлемдерді тұтас жүргізіп оқиды. Мәтіннің мазмұнын толық жеткізе алады. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Зейіні тұрақты. Негізгі қолы оңқай.

Сынып жетекшісі: М.Х.Нигметова
Психолог:
...