0 дауыс
22.2k көрілді
Адам түшкіргенде "сау бол" деп айтқан дұрыс па? Сіз қандай сөз естіп жүрсіз?

18 жауап

0 дауыс
Ия түшкіргенде менде "сау бол" деген сөзді естимін. Ал мен жауап ретінде Рахмет деймін. Адам түшкіргенде: Жәрәкімалда, Сау Бол деп айту керек. Ал жауап ретінде Рахмет деу керек.
Ал [мына][1] жерге кір. Осы сілтемеде Түшкіру жайлы мәлімет бар. Жалпы Сұрақ-Жауап.


  [1]: http://islamdini.kz/articles/view/656
0 дауыс
АЛЛА ТАҒАЛА түшкірген адамды жаксы көреді екен ал көп есінеген адамды ұнатпайды екен!
Мен өзім түшкіргенде  ''сау бол'' ''ЖАРЕКІМ АЛЛА'' Деген сөздерді естимін ал мен ӘЛХАМДУЛИЛАҺ РАХМЕТ Деп жауап берем
+4 дауыс
Түшкірген уақытта, сол мезетте журек тоқтайды деп естігенмін. Сол үшін адам түшкіргенде Алхамдулиллах, яғни Аллаға шүкір деп айтқаны жөн екен. Ал түшкіріп, түшкірген адамның Алхамдулиллах деп айтқанын естіген кісінің Ярхамукаллах, Алла жар болсын деп айтқаны дұрыс екен.
+1 балл.......
0 дауыс
Жалпы кобине,биздин Батыста тушкиргенде "Жариким Алла " деп жатады . Мен балаларым тушкиргенде "Жариким Алла, Мунсыз бол, Мын кисиге басшы бол, Тен курбыннан малды бол " деп тилегимди айтамын. Оларда маган осылай жауап берип жатады .
Жариким Алла деген не мағына
+1 дауыс
Аса қамқор ерекше мейірімді Аллаһтың атымен
жәрекім алла дейтін сөздің еш мағынасы жоқ. Аллаһ елшісі салла-Ллаһу аляйһи уа салам:*Түшкірген адам Аллаһқа мақтау айтсын (альхамдулиллаһ деп айтсын-мағынасы барша мақтау Аллаһқа)  ал оны естіген адам "ярхаму-каллаһ" деп айтсын деді.* Бірақ түшкірген адам альхамдулиллаһ деп айтпаса оған ярхаму-каллаһ деп айтылмайды. Оған да дәлел бар.
*Бір адам түшкіріп альхамдулиллаһ деп айтты, Аллаһ елшісі салла-Ллаһу аляйһи уа салам оған ярхаму-каллаһ деді. Басқа адам түшкіріп бірақ альхамдулиллаһ деп айтпады,Аллаһ елшісіде  салла-Ллаһу аляйһи уа салам оған ярхаму-каллаһ деп айтпады, мәнісін сұрағанда: біріншісі Аллаһқа мақтау айтты ал екіншісі мақтау айтпады деп жауап берді!
Ярхаму-каллаһ сөзінің мағынасы Аллаһ сені рахымына бөлесін! Бірақ ярхамукаллаһ сөзі тек мұсылмандарға айтылады, кәпірлер түшкіріп альхамдулиллаһ десе оған басқаша жауап беру керек, мен ол дұғаны білмеймін.
Аллаһ жақсырақ біледі!
0 дауыс
*Мен түшкіргенде "сау бол","Жарекім АЛЛА"деген сөздер естимін..(мен міндетті турде 3-рет түшкірем )))*
0 дауыс
Түшкірген адамға "Сау бол " деп көбіне айтады.  Және ЖӘРЕКІМ АЛЛА деп те айтады.
+1 дауыс
Сіз түшкірген кезде Аллаhқа шүкіршілігіңізді білдіріп "Әлхамдулилләh"  демейінше өзге біреу де сізге денсаулық тілемеу керек дегенді оқып едім.
+1 дауыс
Көбі "Әлхамдулиллах" немесе "Сау бол" дейді
0 дауыс
жасик дұрыс айтасың
0 дауыс
алхамдулилаһ деп айтам. Негизине осылай айтқан дурыс
0 дауыс
мен түшкіргенде әльхамду лиллах деймін , ал менін досым йархаму каллах дейді!
0 дауыс
Кейінгі кездерде көбіне "Сау бол"-деп жатады,ол да жақсы тілек қой артықшылығы,әбестігі болмас. Негізі бұрын апам біреу түшкірсе "Жәреккім Алла"-деп айт, өзің тұшкіріп қасыңда ешкім болмаса "Алхәмдүлиллиаһ"-дегенің жөн деуші еді жарықтық,сөздерінің жаны бар сияқты.
0 дауыс
Менин ойымша шукиршен кезде АЛЬХАМДУЛЛАХ,  ал жанындагы адам ЙАРКАМУКАЛЛАХ дегени дурыс секилди.
0 дауыс
Мен түшкіргенде "əльхамдулиллəһ" деймін. Естіген адам "йаркəмукəллаһ" деуі керек. Мен "яхдикумуллаһу уə юслиху бəлəкум" деймін
...