Аса қамқор ерекше мейірімді Аллаһтың атымен
жәрекім алла дейтін сөздің еш мағынасы жоқ. Аллаһ елшісі салла-Ллаһу аляйһи уа салам:*Түшкірген адам Аллаһқа мақтау айтсын (альхамдулиллаһ деп айтсын-мағынасы барша мақтау Аллаһқа) ал оны естіген адам "ярхаму-каллаһ" деп айтсын деді.* Бірақ түшкірген адам альхамдулиллаһ деп айтпаса оған ярхаму-каллаһ деп айтылмайды. Оған да дәлел бар.
*Бір адам түшкіріп альхамдулиллаһ деп айтты, Аллаһ елшісі салла-Ллаһу аляйһи уа салам оған ярхаму-каллаһ деді. Басқа адам түшкіріп бірақ альхамдулиллаһ деп айтпады,Аллаһ елшісіде салла-Ллаһу аляйһи уа салам оған ярхаму-каллаһ деп айтпады, мәнісін сұрағанда: біріншісі Аллаһқа мақтау айтты ал екіншісі мақтау айтпады деп жауап берді!
Ярхаму-каллаһ сөзінің мағынасы Аллаһ сені рахымына бөлесін! Бірақ ярхамукаллаһ сөзі тек мұсылмандарға айтылады, кәпірлер түшкіріп альхамдулиллаһ десе оған басқаша жауап беру керек, мен ол дұғаны білмеймін.
Аллаһ жақсырақ біледі!