Не айтсам да бәрі саған жақпайды, Білемін өзіммін соған айыпты. Сен жайында біреу маған айтыпты, Ал менің жүрегім соған сеніпті. Кездескенде менімен өкінесің сен, Себебі бір нәрсені айта берем, Қызғана берем, бәріне сенем Тек саған сенбеймін, білмеймін неге. Жарайд ұлдардан қызғанам түсінікті, Бірақ сені қыздармен жібермеймін тіпті, Күйеуің болып үлгермедім әлі, Бірақ сонда да өзіме көп аламын. Кешір қызғаншақ болғаныма менің, Қатты қызғануға болмайды білемін, Бірақ сүйемін, сенсіз өлемін, Кетсең де менен сені түсінемін. Жалпы қызғаныш ауруға жататын шығар, Бірақ қызғаныш емін айтшы кім табар?! Сенің жүйкең мықты маған шыдаған, Мен шеттен ұқсаймын балаға жылаған. Жүрегім сыздайды егер сен болмасаң, Басқа біреумен жүр деген ойға батам. Қатты қиналам, қалай қиялам деген, Жаман оймен сені қатты қызғанам. Сенің орныңда басқа қыз болғанда, Кетіп қалушы еді менен баяғыда. Кетіп қалушы еді баяғыда. Кешір жаным саған сезім сыйлай алмадым, Керісінше сен мені еш аямадың, Аяламадың, бағалай алмадың, Нәп-нәзік жүрегімді қара түнекке қамадың. Қалай жағдайың жаным? Кеше сен қайда болдым дейсің, Мен ішіп алғам айтқаныңды түсінбедім, Ұялыдан желі ұстамағандықтан деп ойлаймын, Және екіншіден байқамай қатты мас болдым. Қыздармен жүрдім дейсің бе?! Жігіттермен танысып, Жоқ олай емес пе?! Онда неге тұрсың тырысып, Шыныңды айтсаң бұлай сасқалақтамаушы едің сен, Өтірік айтпа жігіттің есімі кім сені сүйген, Оны өлтірем және басқа көз салғандарды да, Өтірік ағаларыңды да, дос жалғандарыңды да, Жоқ ақталма жігіттер жүз пайыз болды кеше, Қасыңдағылардан біліп алам кеспе ілме, Неге жылап тұрсың бейшараның рөліне кіріп, "Сайтанмын мен тірі өлік" Кешір жаным, артық кеттім, болмайтын қызғанышпен, Білемін бірінші күн емес сенің қаныңды ішкен..