+3 дауыс
988 көрілді
Тек менде ғана ма, әлде бүкіл қыздарда солай ма, білмедім, мен кейде туған ағамды қыздардан қызғанамын. Әрине, қызғанып шектен шықпаймын ғой, тек ағамды іштей ешкімге қимаймын. Неге олай?

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Әрине ондай барлығында болатын болар, ол қызғаныш емес, қимастық сезім, бауырың болғасын еш қыз оған тең келмейді деп ойлайсың (ол тек қыздарда емес жігіттерде де болады, қарындасын ешкімге қимайды) 

+2 дауыс

Ол қызғаныш емес, бауырмалдылық сезімі ғой 

+1 дауыс

Ондай  көптеген қыздардың бойында бар.Бұл  бауырмалдық  шығар  сосын  болар  қызғанасыз

+3 дауыс

 Құлқыменен сүйдірген жарымызды, әлпештеп өсірген анамызды, бір қарынға сыйған қарындасымызды қызғана алмасақ, онда құдай берген ұлтарақтай жерімізді, қалың ел қазағымызды қызғана алмасымыз хақ.

0 дауыс
Бойжеткендердің көбісін «Неліктен ағамды жеңгемнен не сүйген қызынан қызғанамын?» деген сұрақ толғандырады. Демек, ол мұның еш мәнісі жоқ екенін, яғни, ағасын жеңгесінен қызғану дұрыс емес екенін жақсы түсінеді. Дегенмен қызғаныштан арыла алмай, әлі де екі ұдай сезімде жүреді.

Бұл сезімнің неліктен туындайтынын психология ғылымының психоанализ бағыты түсіндіріп береді.

Психоаналитиктердің пікірінше, әрбір адам балалық шағында, дәлірек айтқанда, 2,5−6 жас аралығында ата-аналарына еліктей бастайды, өз отбасылық «сценарийін» құрып, «әке-ана» рөлдерінде ойнайды.

Қыз бала мамасының биік өкше туфлиін киіп, шарфын жамылып, сөмкесін ұстап, ернін бояп алса, ұл бала әкесінің бас киімін, белбеуін, т.б. тағып көреді. Қыз бала әкесін анасынан, ұл анасын әкесінен қызғанып жүреді. Бұл кезең психоанализде «эдип комплексі» деп аталады.

Әрине ес біліп, етек жапқаннан кейін, шамамен бес-алты жасқа жеткенде балалар өздерінің бұл ойларының дұрыс емес екенін түсінеді. Сондықтан балаларды «эдип» кезеңінде ұрсып, сөгіп, ұялтудың қажеті жоқ. Болашақта адамның өзіне жарды қателеспей таңдауы осы кезеңнен өту сәтіне байланысты. Қазақта «қайын ененің топырағынан» деген сөз бар, яғни, «эдиптен» сәтті өткен жігіт бейсаналы түрде анасына қылығы, мінезі ұқсаған қызды, ал қыз бала әкесіне ұқсаған күйеуді таңдайды.

Егер қыз баланың әкесі жоғары оқу орнын бітірмеген болса, ол көбінесе дипломы жоқ не оқуды тастап кеткендермен танысады. Себебі өзінің бейсанасында жатқан эдиптің салқыны – «ешкім менің әкемнен артық болмау керек» деген бұйрықтан асып кете алмайды.

Ал кейбір отбасыларында қыз бала әкесін емес, ағасын, ұл үлкен әпкесін жақсы көреді. Бұл «отбасылық эдип» деп аталады. Әрине бұл комплекстің туындау себебі де бар. Ағасы қарындасына қорған болып, кішілеу кезінде бір нәрсеге таласып, төбелесіп, жыласатын кездер де болады. Қанша ұрсысып, төбелессе де қарындасы ағасын, ағасы қарындасынан өз еркімен шалғай кете алмайды.

Бойжетіп, ер жеткен аға-қарындас, әпке-інілер балаша ойнап-аунап жататыны заңдылық. Тек екінің бірі қосағын тауып, "үйленемін, тұрмыс құрамын" деген шағында ғана екеуара көзге көрінбейтін шекара пайда болып, әлгі комплекс те шыға келеді.

Ал «отбасылық эдиптен» өткендер үшін ағасынан асқан адам жоқ, қандай ханшайым болса да ағасының теңі емес, әйтеуір тырнақ астынан кір іздеп, бір мінін табады. Бұл жайт бірте-бірте қыз баланы ағасымен, жеңгесімен жанжалдасуға алып келері сөзсіз. Сіз енді үш жасар, есін білмейтін сәби емессіз, сол себепті әркім мамандық пен жар таңдауды тек жүрек қалауымен жасағаны абзал.

"Массагет" сайтынан алынды.
0 дауыс
Менде де сондай ауру бар. Балабақшадағы інімді апайынан қызғанам. Үнемі балабақшаға апарған кезде апайы оны құшақтап алады. Қолын жақтырмай тұрам. інім де құшағына кіріп алад мəз болып. Апайы 40-тардағы жақсы күшті адам бірақ
...