0 дауыс
2.0k көрілді

1982 жылы дүниеге келген Ник Вуйчич туралы естіген боларсыздар.Ол жарық дүниеге аяқ қолсыз келді.Ол туралы не айта аласыздар #facrc=_&imgdii=_&imgrc=5SbbelaeN3teuM%253A%3BbV9MjuRmKgvuvM%3Bhttp%253A%252F%252Fst.pixanews.com%252Fwp-content%252Fuploads%252F2013%252F09%252FNick-Vujicic_pixanews-6.jpg%3Bhttp%253A%252F%252Fpixanews.com%252Fjackass%252Fnik-vujchich-i-akuly.html%3B1065%3B1600">

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ни́к (Ни́колас) Ву́йчич(ағылш. Nicholas James Vujicic)- кәсіби мотивациялық оратор, сирек кездесетін синдром Тетра-Амелия деп аталатын ауру түрімен туылған.1982 жылы 4 желтоқсанда Австралияның Брисбене қаласында Борис Вуйчич пен Душка Вуйчич отбасында дүниеге келген. Ол екі қолы және екі аяғы жоқ болғанына қарамастан дені сау бала болып өмір есігін ашқан.Сондықтан да ата-анасының талабы бойынша ол мүгедектерге арналған емес,қарапайым мектепте білім алған.10 жасқа толған кезінде сыныптастары тарапынан көрген қорлыққа шыдамай суға батып өлмек болған.Алайда оны жақындарының қандай азап тартатыны туралы ой тоқтатқан екен.Ол физикалық тұрғыдан кемістіктеріне қарамастан серфингпен айналысуға, скейтборд тебуге құмар болады.Гольф ойнағанды ұнатады.
Ол есепші(бухгалтер) және қаржыгер мамандықтары бойынша екі жоғарғы оқу орнын бітірген.19 жасынан бастап студенттер, баларлар алдында өз өмірі туралы айтып, жастарды өмірді сүюге тәрбиелей бастаған.

1999 жылы «Жизнь без конечностей»(ағылш. Life without Limbs) деп аталатын ұйым құрған.2005 жылы Ник Вуйчич «Молодой австралиец года» сыйлығының иегері атанған. Бұл Австралияда өте мәртебелі атақ болып саналады. «Attitude Is Altitude» деген қоғамдық маңызы бар мәселелерді көтеретін компанияның президенті.
Әлемнің 45 елін аралап мектептер мен университеттерде өнер көрсетіп, көптеген адамдардың жүрегіне үміт отын ұялата білген, жастардың өмір мәнін түсінулеріне түрткі болған атақты тұлға.Аяқ жағындағы кішкене саусақтары көмегімен компьютерде 1 минутта 43 сөз теру арқылы өзінің өмірі және мүгедек жандардың жағдайы туралы «Жизнь без ограничений» (Life Without Limits: Inspiration for a Ridiculously Good Life) деген сияқты бірнеше кітап жазып шығарған.Сонымен қатар көптеген телешоуларға қатысқан,2009 жылы «Цирк бабочек» («The Butterfly Circus») деген мүгедек жанның тағдыры туралы фильмге де түскен. Қолы жоқ бола тұра 1 сағатта 1749 адамды құшақтап әлемдік рекорд орнатқан болатын.
Қазіргі кезде Канаэ Мияхаре атты жары және Киёси Джеймс Вуйчич атты ұлымен АҚШ-тың Калифорния штатында тұрып жатыр.

Өзіңізге кейде не үшін өмір сүріп жүрмін деген сұрақты қоясыз ба? Көбінесе біз ата-анамызға менде анау жоқ, мынау жоқ деп шағым айтамыз.Бет әлпетімізге қарап қасым ұнамайды, тырнағым ұнамайды деп жиі өзімізден мін тауып жатамыз.Бірақ, бір сәт ойланып қарасақ тырнағы түгілі қолы, аяғы жоқ адамдар да бар ғой.Басына бір кішкентай қиындық түссе өмірден түңіліп, адасып жүргендер қаншама? Он екі мүшесі сау бола тұра, не үшін өмір сүріп жүргендерін өздері түсінбей,қаңғыбас болып кеткендер қаншама?
Ник Вуйчичқа қарап отырып тебіренбеу мүмкін емес.Менің бұл жазбаны жариялаудағы мақсатым қандай қиындық болсада ешқашан мойымай, өмірді сүйіңіздер дегім келеді.Өмір адамға бір-ақ рет беріледі.Өмірді мәнді де, сәнді өткізу әркімнің өз қолында!

...