Шағатай қоңыраттың қызы Есенлунды, кейіннен оның сіңлісі Турьханды әйелдікке алды. Рашид әд-Диннің айтуынша, Шағатайдың Мутуген, Муче, Балташ-шаг, Сағынлалға, Сарыманас, Буссумуңға, Байдар атты 7 ұлы болған. Өз ажалынан қайтыс болып,Әмудария бойына жерленген. Орнына немересі Қаракүлік отырды. Шағатай тек батырлығымен, бірбеткейлігімен ғана емес 122 жыл (1224 — 1346) салтанат құрған Шағатай ұлысы және кейіннен Орталық Азия түркілеріне ортақ болған Шағатай тілі арқылы әлем тарихында аты қалған тұлға.