+3 дауыс
960 көрілді
Шамасы Қытайлық қазақ болса керек. Дауысы неткен керемет. елімізде осындай әншілер көп болса екен,шіркін! осы орындаушы жайында мәлімет керек еді.Мына әншінің есімі кім?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Халық әні - "Жалған-ай". Орындаған: Айнұр Қалиқызы деп жазылып тұр.

http://my.mail.ru/mail/aitbai62/video/630/4250.html

https://www.facebook.com/yerbol89/posts/882910755055864?comment_id=882916185055321&offset=0&total_comments=1
+1 дауыс

Айнұр Қалайқызы - Жалған-ай

Өте шығар дүние-ай қас қағымда, ай-хоу
Ойнап-күлген жарасар жас шағыңда, беу, дүние-ай
Кісі жары кісіге жар болмайды, ай-хоу
Балапандай баурыңа-ай басқанменен, беу, дүние-ай

Жалған-ай, жалған-ай
Жанбай өшкен арман-ай
Жарға лайық қалқаның
Жанды әуреге салғаны-ай

Әттең-ай, әттең-ай
Дүние неткен тәтті ең-ай
Жарасқаны қинайды
Дәм-тұзының жатпен-ай

Біреулер мәз аспанда-aй айдалғанға ай-хоу
Айналғанға біреу мәз Пайғамбарға, беу, дүние-ай
Судан таза сүттен ақ кім бар дейсің ай-хоу
Бұл дүниеде кіршіксіз сәби ғана, беу, дүние-­ай.

mp3 жүктеу

–1 дауыс
Айнұр Қалайқызы сенбесеңіз төбедегі сайттан қарап көріңіз
Сіз жоғарыдағы бауырларымыздың пікірлеріңе қараңыз!
...