+4 дауыс
8.6k көрілді
осы Coca cola және Pepsi сусындарының зианы қандай? пайдасы қандай? нақты жауап берсеңіз. бұны сұрап отырған себебім менің ең сүйікті сусындарым осылар. басқасын мүмдем ішпейін. осылар шөлімді жақсы қандырады. ішкенде масқара жаман ішемін ))) екі аптаның ішінде 34 баклажкасын ішіп қойыппын адейі санап едім)), жұмыста отырып ішкендерімді санамағанда )) сенбесеңдер міне суреті жаңа түсіріп алдым жартысы симай қалды ))
![description][1]


  [1]:

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Кеш болсада жауап берейін....

Кола — тропиктік Африкада өсетін ағаш түрі; кейбір түрлерінің жемістері медицинада, сондай-ақ ликер және кока-кола сусынын жасауда қолданылады.
Кока-кола ─ сергітетін алкогольсіз сусын, көптеген елдерде кеңінен тараған; The Coca-Cola Company компаниясының өнімі; 2006-2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік бренд болып саналады

Авторы – америка Әскери конфедерациясының офицері болған, фармацевт Джон Стит Пембертон (Кока-коланы бір фермер ойлап тауып, рецептін Джон Ститке 250$ сатқан, ол жайлы Джон Стит өзінің сұхбаттарының бірінде айтыпты деген аңыз бар).
Сусынның атауын көркем жазуды меңгерген Пембертонның есепшісі Фрэнк Робисон, осы уақытқа дейін сусынның логотипі болып табылатын «Coca-Cola» деген сөзді әдемі бейнелі әріптермен жазып, ойлап тапқан. Кока-коланың негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш бөлігі (осы жапырақтардан 1859 жылы Альберт Ниман (Albert Niemann) ерекше компонентін бөліп алып, кокаин деп атаған) және кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Пайда болған сусын «кез келген жүйке бұзылуына» емдік дәрі ретінде Атлантадағы Джекоба қалалық дәріханасында сатыла бастайды. Ол кезде кокаиннің адам денсаулығына зиян екені анықталмағандықтан, тыйым салынған заттек болып табылмайтын. Сондықтан кокаин еркін сатылымда болып, оны ләззат алу үшін спирттің орнына сусынға жиі қосып отыратын болған. Бастапқыда сусынды күнделікті орташа есеппен 9 адам сатып алатын болған. Алайда кока-коланың танымалдығы мен кірісі де біртіндеп өсе бастады.
1888 жылы Пембертон сусынды шығару құқығын сатып жібереді. 1892 жылы «Кока-коланың» құқығына ие болған кәсіпкер Аса Григгс Кэндлер кока-коланы өндірумен айналысатын «The Coca-Cola Company» компаниясының негізін қалайды. 1902 жылы кока-кола 120$ ақша айналымымен АҚШ-тағы ең танымал сусындардың біріне айналды. Ағылшын жазушы-фантаст Герберт Уэлсстің «Тоно-Бэнге» романы кока-коланың жарнамасы мен таралуына сатиралық туынды ретінде ұсынылады. 1890 жылдардың соңына қарай кокаинге деген қоғамның пікірі теріс айналып, 1903 жылы «New York Tribune» газетінде кока-коланы ішкен қаланың лас шеткері түпкірлеріндегі негрлер ақ нәсілділерге қарсы шабуыл жасағандығын айтып, кока-колаға кінә тағады. Содан кейін кока-колаға коканың жас жапырақтарының орнына, «сығылып», бар кокаині жойылған бөліктерін қосады. 1894 жылдан бастап шөлмектерде, ал 1955 жылдан бастап қалбыр ыдыста сатылатын болды.

Пепси (ағылш. Pepsi) - дүние жүзіне кең тараған сусындардың бірі (бұрынғы атауы Пепси-Кола). "Пепси-кола" экстрактына қола антиль жаңғағы, лимон шырыны, Мадагаскар ванилі, оңтүстік және шығыс елдерінде өсетін экзотикалық өсімдіктердің хош иісті майлары кіреді.[1]

Өпшім зияндары жоқ..!
+2 дауыс
Бұл сусындардың қайда қалай дайындалатыны туралы естігенбісің?Кока коланы құрт-құмырсқадан дайындайды. оның денсаулыққа зиянды тұстары коп адамның бауыр,өт,асқазанға,миға зиян!пепси де дал солай!бұл сусындарды өндірушілердің өзі құрт'-құмырсқадан дайындалатынын мойындады!
ия оны естігем, бірак бұл ақпарат дәлелденбеген және расталмаған. өндірушілердің мойындағаны жайындағы ақпаратты, деректі көрсетіп жіберсеңіз риза болар едім.
+2 дауыс
Егер денсаулығыңызда осы сусындарға қарсы науқастар(қант диабеті сияқты) болмаса онда аншалықты зияны бар деп ойламаймын.Себебі бұл брендтерді бүкіл дүние жүзі пайдалынады,ал неден ,қалай жасайтыны өте құпия.Сондықтан ол туралы әңгімелер шындықтан гөрі,өтірікке көбірек ұқсайды.Алайда бұл сусындардың ағзаға алып бара жатқан пайдалары да бола қоймас деп ойлаймын.Негізі қымыз,шұбат сияқты дәстүрлі сусындарымыздың ешқандай химиялық қоспасыз,табиғи екеніне ешкім де дау айта алмас. Сондықтан да олардан пайдалы сусындар бар дегенге сенбеймін.
0 дауыс
Кока-Кола мен Пепсидің зияндары көп. Мен айта кететін жайт мынау:
Кока-Кола мен Пепсидің айырмашылығы мынау: Сен бір стакан Кока-Кола мен Пепсиді іш. Бір стакан кока-колаға қатты тойып кетесін. Тамақ ішкін келмейді. Тойып қайта-қайта кекіре бересін. Не кішкене жүрегін айниды. Ал Пепсиді ішіп көрсен ол Пепсиден ештене де сезбейсін. Бірақ Пепси зиян емес секілді. Кока-Кола зиян шын ғой достар. Ал Пепсидің ешқандай зияны жоқ.
Кока-Кола мен Пепсидің зияндары көп. ... Бірақ Пепси зиян емес секілді. ... Ал Пепсидің ешқандай зияны жоқ.
Бауырым қай сөзіңе сенейік?
ия Пепсидің зияны жоққой. Енді өзін тексеріп көрсей. Егер тез тойып кететін Сусын болса ол зиян. Кока-Коланын бір стаканына тойып кетесін ғой. Сосын Пепсидің ешқандай зиян жағын естімегенмін. Кока-Колаға қарағанда Пепси жақсы деп отырады ғой. Пепси туралы ел көп нәрсе білмейді. Ал кока-кола туралы біледі.
Екеуі де өте зиян, карыннын   тугін  кетіреді, іше бермегенін дурыс шыгар
+2 дауыс
Қазақ тағамтану академиясының төрағасы Төрегелді Шарманов бұл сусындарды мүлде ішуге болмайды дейді екен.
+1 дауыс
Кока-кола мықты бренд)) денсаулыққа зиян болса оны баяяяғыда жауып тастайтын еді Дүние Жүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы....
+1 дауыс
бұлардың пайдасынан зияны көп, краска,  бөтелкелері, химиялық қоспалары
+3 дауыс
![enter image description here][1]


  [1]:
Енді мына ақпаратты көріп оқып тұрып ішу енді білместіктің ең даму сатысына жеткен шегі.
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

+3 дауыс
6 жауап
0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
2 жауап
...