0 дауыс
5.7k көрілді
Аль-Истахри, аль-Масуди, ибн- Сафуан еңбектерін тауып беріңіздерші?

1 жауап

0 дауыс
Әл-Истахри (шамамен 850, Иран — 934) — географ. 930 — 933 ж. Әбу Зеид әл-Балхидің 920 ж. жазылған географиялық шығармасын қайта өңдеген. Иран, Арабия, Сирия, Мысыр т.б. шығыс елдеріне жасаған саяхаттары негізінде көптеген шығармалар жазған.

Еңбектерінің белгілісі — “Сууар әл-ақалим” (“Аймақтардың шет жақтары”) атты түсініктеме жазулары бар карталар мен атластар жинағы.

 Әл-Масуди(9 ғ-дың соңы, Бағдад — 956/57, Фустат, Мысыр) — тарихшы, саяхатшы. 915 —45 ж. Иран, Үндістан, Шри Ланка, Қытай,Хорасан, Солтүстік Африка, Әзірбайжан, Арменияға саяхат жасады. Сирияда, Мысырда тұрды. Тарих, философия, мұсылман дін уағыздары, құқық туралы көптеген еңбектерінің ішінде тек екеуі ғана сақталған. “Ахбар әз-заман” (“Замана тарихы”) атты 30 томдық тарихи-геогр. энциклопедиясының бізге бір томы ғана жеткен.
...