0 дауыс
655 көрілді

22 қыркүйек 2014 жыл.  «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») ҚМГ БӨ еншілес және тәуелді компаниялары ұжымдарының арасындағы III Спартакиаданың басталғанын хабарлайды. Биыл Спартакиада Қызылорда қаласында, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС базасында өтіп жатыр. Бұған дейін 2012 және 2013 жылдары Спартакиада Астана мен Жаңаөзен қалаларында өткен болатын.

қызылорда

Спорт сайысына «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС, «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы»,  ҚМГ БӨ орталық аппараты мен Инженерлік орталық, «Урал Ойл Газ» ЖШС,  «Карповский Северный» ЖШС, «Барлау активтері» ЖШС құрама командалары қатысуда – Астана, Орал қалалары мен Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан барлығы 300-ден астам мұнайшы жиналды.

Бес күн бойы (22 – 26 қыркүйек аралығында) мұнайшылар волейбол, баскетбол, мини-футбол, үстел теннисі, суға жүзу, жеңіл атлетика, шахмат, қазақша күрес пен тоғыз құмалақ сияқты спорт түрлерінен сайысады.

Спартакиаданың ашылу салтанатында ҚМГ БӨ Бас директоры Абат Нұрсейітов: «Біздің компания өз қызметкерлерінің мүмкіндігінше спортпен айналысып, жанұясымен бірге уақыт өткізуіне барлық жағдайды жасады. Жаңаөзен қаласында ҚМГ БӨ қаражатына Рахмет Өтесінов атындағы спорт кешені салынды. Атырау облысында бірнеше спорт кешенін тұрғыздық. Қызылорда облысында «ҚазГерМұнай» компаниясы жергілікті халыққа үнемі әлеуметтік қолдау көрсетеді.

Жақында компания құны 70 млн. теңге болатын демалыс саябағының құрылысын қаржыландырды, онда бассейн, балаларға арналған алаңдар бар, отбасылық демалысқа барлық жағдай жасалған. Киелі Қызылорда жерінде бір-бірлеріңізбен жарысып қана қоймай, әріптестеріңізбен танысып, ұжымымыздың ынтымағын арттыруларыңызға тілектеспін.»

Өткен жылдары спартакиада жеңімпаздары сыйлықтар және ақшалай сыйақылармен марапатталған. 2012 және 2013 жылдары жалпы командалық есепте «Өзенмұнайгаз» мұнайшылары бірінші орынды алып келді.

2 жауап

0 дауыс
Үлгермей қалыппын ертерек ескертпедіңдерма қақа)
0 дауыс
Қызылорда облысында мұнай компаниялары көп. АҚШ, Қытай, Ресей, Польша, Германия, тағы басқа елдермен біріккен кәсіпорындардың оншақтысы жұмыс істейді. Қазақстандық мұнай компаниялары және бар.
...