"Тозақ отының қандай екенін білетін болсаң отына күйіп көргенсің"дегенін артық енді, бауырым. Оны біз Құраннан білеміз. Мысалы, мен темекі шекпеймін, оның зияны туралы білемін. Ал сен шегіп, өз денсаулығыңды жоғалтып жүрсің делік. Мен саған келіп "темекіні таста, денсаулығыңды құртып жатсың, өкпең, миың, бүкіл қаның уланып жатыр" деймін. Сонда сен "оның зияны туралы білсең, демек шегіп көргенсің ғой" деген жауабың орынды бола ма? Расында, Ислам дініне мәжбүрлеп шақыруға тыйым салынған. Ал мен тек сенің сұрағыңа жауап беріп, пікіріңе өз пікірімді қосып отырмын. Тозақтың отына шыдаймын дейсің, дәл қазір бір тал сіріңке жанғанша алақаныңды оттың үстінде ұстап тұра аласың ба? Бұл тек бірнеше секунд қана, ал тозақта күнәларына байланысты жылдап өртенеді.
Тағы бір мысал, сен бір кино көрдің, саған қатты ұнады. Досыңа көрсетпек болғанда, ол киноны көрмей жатып жамандайды, себебі "бәрі" жамандап жатыр.
Сол секілді Исламды танып-білмей теріс пікір қалыптастырғаның дұрыс емес. Сондықтан, бауырым, Аллахтың бар екеніне күмән келтіруден алдын- ізден, сұрағыңа жауап ізде, "мен солай ойлаймын, демек ол шындық" деген пікірден арыл. Аллах жүрегіңе иман берсін!