Бір жалғызілікті әйелдің баласы қызуы көтеріліп қатты ауырып қалады. Дәрігерлер ақымен емдейді екен. Оған әйелдің қаржысы болмайды. Сондықтан әйел түнде тахаджуд намазына тұрып, Жаратқан Аллаһқа жалбарынып дұға жасайды. Содан соң бар қолынан келгенін жасап, баланың ыстық маңдайына сулы шүберек баса береді. Түнде есік қағылады. Ашса — дәрігер екен. Ол келе сала: «Ауру бала қайда?» — деп сұрайды. Анасы: «Анда жатыр» — дейді. Дәрігер балаға укол салып, қызуын қайтарады. Пайдалы кеңес беріп, біршама дәрі-дәрмек те қалдырады. Сонсоң чек беріп, емдеу ақысын сұрап, ақша талап етеді. Әйел: «Ақшам жоқ» — дейді. Сонда дәрігер: «Онда мені неге шақырасың?» — дейді. Ол болса: «Шақырған жоқпын» — дейді. «Қалай шақырған жоқсың, адресің мынандай ма?» — деп сұрайды дәрігер. Сол кезде әйел айтады: «Бұл — біздің көршіміздің адресі» — дейді. Сөйтсе, дәрігердің өзі жаңылысып кетіп, бұларға бас сұққан екен. Аллаһтың бұл әділдігіне куә болған дәрігер: «Аллаһу акбар!» — деп айқайлап жіберген екен.