0 дауыс
30.4k көрілді
Тіл-тарихи құндылық тақырыбында шығарма керек еді?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ана тілі

«Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!» - деп жырлаған қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев жырлап өткен.

Осы бір өлең жолдарын оқи отырып, шынында да ұлттық тіліміз – қазақ тілінің үлкен тарихы бар екеніне көзіміз жетеді. Бабаларымыздан асыл мұра болып қалған ана тіліміздің сақталып, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалу үшін қаншама тер төгіліп, қаншама еңбек етілді десеңші! Ата- бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен еліміз егемендігін алып, ұрпақ тәуелсіз, тіліміз шұбарланбауы үшін қаншама қиындықтарды бастан өткерді. Қазіргі күн – біздің басымызға бақ қонған күн. Тәуелсіздіктің арқасында қазақ халқы көптеген елеулі істерге қол жеткізді. Соның ішінде біз мақтанып айтатындай қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Ендеше, осы тіліміздің болашағы бұлыңғыр болмау үшін Қазақстандық әр азамат өз үлесін қосуы керек.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте,- деп қадыр Мырза - Әлі жырлағандай, қазіргі көп ұлтты, жан –жақты дамыған мемлекетімізде заман талабына сай көп тілді меңгеріп, білімнің қыр – сырын терең игере жүріп, өз тіліміз – қазақ тілің сақталып, әрі қарай дамып, шарықтауына атсалысайық!

Ана тілінің құдіреті

Тілді білсек,жетеміз ғой мұратқа,

Тіл білмесек, қаламыз ғой ұятқа.

Тіл арқылы әр нәрсені ұғамыз,

Тіл арқылы шешен, дана боламыз.

Тілсіз адам адам емес,

Тілсіз адам – хайуан.

Тілсіз мән жоқ, сән жоқ өмір,

Тілсіз мына күн – қараң!

6-сынып оқушысы, Касанова Айымгүл

Тілім менің

Тілім менің дарыған,

Туған сәттен анамнан.

Ұлт пен Отан тағдыры

Бар қазаққа байланған

Бір мемлекет – Бір тіл,

Жас жеткіншек, мұны сен,

Заңдылық деп жете біл!

6 «ә» сынып оқушысы, Утеулина Жанар.

Тіл монологі

Мың өліп, мың тірілген Қазақ тілмін.

Қасіреттің уын ішкен тағы менмін.

Тар жол, тайғақ кешкен жылдарымда,

Үміт отын сөндірмей қалған менмін.

Зар заманды талай кешіп басымнан,

Тұншықсам да, айрылмадым тынысымнан.

Соқса-дағы толқындары өмірдің,

Жағасында мен қалмадым өлімнің.

Мендей тілді өгейсініп жүргендер,

Босағадан сығалатып, күндейді.

Жақсылар бар қастерлейтін өзімді,

Құрбан болар маған сыйлап өмірді.

9 «ә» сынып оқушысы Айтуар Салтанат.

Туған тілім – қазынам

Кіші жастан бастадық

«Ана» сөзін айтуды.

Ана тілің дамытқан,

Тілің менен ойыңды.

Аштық мектеп есігін,

Біздер білім алуға.

Туған тілдің қыр – сырын,

Терең біліп, тануға.

Бастау болар тіліңе

Алған білім мектепте.

Дамыта біл тіліңді,

Оқи жүріп мектепте.

Ақын, шешен, даналар,

Сол тілменен дамыған.

Оң мен солын өмірдің

Сол тілімен таныған.

Мұра еткен бабалар,

Туған тілім – қазынам.

Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз. 
«Тіл ақылдың өлшемі» деп халқымыз бекер айтпаған. Олай болса, тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем - әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Себебі көркем - әдеби туындыларды аз оқитын оқушылардың сөздік қоры аз, осыған орай, олардың дүние танымы да, сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады. Өйткені ақылдың көзі ойда. Логикалық жүйемен дұрыс ойлай білу тіл мәдениетін қалыптастырады. Дұрыс ойланып сөйлеген адамдар өз ойын толық жеткізе алады және өзін басқаларға тыңдатады да, өзі басқаның ойын тыңдай біледі. 
Елбасымыз Н. Ә Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген сөзі түсінген адамға көп мағына жатыр. Тілдің көмегімен өнер – білімді, ғылымды игереміз, өткен – кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Біз өз тілімізді құрметтей отырып, дініміз бен салт дәстүрімізге, тарихымызға көптеп үңілетін болсақ және оны өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазынамызды әлемге танытсақ келешек ұрпақ үшін көп жұмыс атқарған болып саналамыз. Өйткені өз тілін, дінін, тарихын жақсы білмеген адам басқа тілдің қадірін білу мүмкін емес. 
Қазақ халқы өзінің шешендігімен шеберлік және даналығымен ерекшеленеді. өйткені мақал – мәтелдердің мағынасына зер салып көрсек, бір шындықтың нышаны білінеді. 
Ертеде билер мен шешендер ел – елдің дауын майда тілмен шеше білген. Оның айғағы «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді» деген мақалдың астарын бақылайықшы. Яғни, баланы ұрып, ұрсып айтпай –ақ, ойланып, дұрыс сөйлеп оның зердесіне жетуге болады. Жақсы сөзбен оның көкірегі мен көзін ашуға болады. 

...