+2 дауыс
526 көрілді
Сұрақтарға жауаптар қашан басталады екен. Сұрақ қою уақыты қашанға дейін.

2 жауап

0 дауыс
Қайырлы күн Ізгілік ағасы.

Сұрақтар жиналып, сілтемелерімен жөнелтілді. Осы уақытқа дейін бас-аяғы 27 сұрақ келіп түсті. Алдағы осы аптаның ішінде толықтай сұрақтардың барлығына жауап берілінеді деген ойдамыз. Жауаптардың кешіктірілініп жатқанына кешірім сұраймыз. Алдағы уақытта жүйелі түрде, жылдам жауаптар алынуы үшін жағдай жасаймыз.

Қанша дегенмен бұл біздің сайттағы алғашқы Интернет-Конференциямыз. Форматын, қалай болады т.б. жұмыстарын алғаш жүргізіп жатқандықтан сайттың тарапынан да қателіктер орын алуы мүмкін. Сондықтан сабыр етіп, аздаған уақыт берулеріңізді сұраймыз.

Рахмет.

Құрметпен Сайт әкімшілігі!
+1 дауыс
Өзім сайт жұмысын түсінген соң жағдайды түсінемін. Сұрақ қою уақыты, жауап берілу уақыты деп бір уақыттарды белгілеп қойса жақсы болар еді. Маған почтаға ұстаздар тарапынан конференция туралы хаттар келеді, көбісінің сұрақтары сол.

Дегенмен, сұрақ жауап форматындағы сайт үшін конференцияда сұрақ қою мен жауап беру уақытын белгілі бір датаға тоқтатып қоймаған жөн деп есептеймін. Сайт сұрақ жауап сайты болғандықтан конференцияда тұрақты түрде сұрақ қойып, жауаптарын ала аласыздар деп жазып қойса. Сосын жауап беретін адам уақытына қарай, жауаптарды жинамай, мүмкіндігінше тез жауап беріп отырса.

Конференцияға сұрақтарға жауап беретін адамдар санын көбейту керек.

Сәттілік болсын.
Ұсынысыңыз пен пікіріңізбен келісеміз.
Негізі хабарландыруды жариялаған кезде сұрақтарды тек Қыркүйек айының 19-шы күніне дейін қоюға болады деп көрсеткенбіз.
Біз де ойлана келсе, арнайы шектеуді алып тасаған тиімді екеніне көз жеткізіп отырмыз. Алдағы уақытта мына күнге дейін сұрақ қойыздар деп хабарлама береміз, бірақ сұрақты кейін қоя беруді шектемейміз. Себебі қойылып жатқан сұраққа басқа да сол салама маман өкілдері жауап беріуі мүмкін.
Алдағы уақытта сіз айтып жатқан ұсыныстарды ескеріп, жүзуге асырамын боламыз.
Рахмет!
...