0 дауыс
624 көрілді
Иммундық тапшылық вирусының берілмейтін жолдары?

1 жауап

+1 дауыс

АИТВ жұқпасының кездейсоқ берілмейтіндігі туралы көп жазылды, айтылды және бұл туралы ешкімде сұрақ туындамау керек сияқты. Бірақ әліде АИТВ жұқпасының маса немесе бір адам басқа бір адамды сүйгенде деген теориялық қауіптерді естуге болады. Адамдардың мұндай дұрыс емес пікірлері «Ағзасында АИТВ жұқпасы бар маса шаққанда бәрібір жұқтырамын ғой. Несін қорғанамын» дейтін көзқарас тудырады және жұқпаның әрі көбеюіне әкеледі.

Неге масалар АИТВ жұқпасын тасымалдай алмайды?

ЖИТС эпидемиясының басында АИТВ жұқпасын масалар, бүргелер және басқада қансорғыш жәндіктер таратуы мүмкін деген қорқыныш ойлар айтылатын еді. Бірақта жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде АИТВ жұқтырғандардың саны көп елдердеде, маса немесе басқа да қан сорғыш жәндіктер көп елдерде вирустың мұндай жолмен таралған жағдайы анықталмағандығын көрсетті. Егер қоздырғыш жоғарыда аталған жолмен жұғатын болғанда эпидемияның географиялық таралу аймақтары қәзіргі жағдаймен салыстырғанда басқаша болар еді.  

Адамды маса шаққанда оның аузынан қан емес сілекей шашырайды. Малярия сияқты жұқпалы аурулар масалардың тек санаулы түрлерінің сілекейлерінде өсіп өнеді және жұғады. Ал АИТВ вирусы табиғи ерекшеліктеріне байланысты қандай болмасын масаның ағзасында тіршілігінде жалғастыра алмайды.   

АИТВ жұқпасы неге сүйіскенде жұқпайды?

Ақпарат құралдарында АИТВ жұқпасы сүйіскенде жұқты деген мәлімет таратылған болатын. Мұндай ойлар адамның сілекейінде вирус бар екендігімен мәлімделген және АИТВ жұқпасын анықтау мақсатында сілекей арқылы анықтайтын экспресс тест жүйелерін бар екендігіне байланысты.  

Сілекейдегі вирус мөлшері адамнан адамға жұғу қаупін тудырмайды. Вирустың жұғу көзін нақты анықталған жүз мыңдаған жағдай болды. Егер АИТВ вирусы сілекей арқылы жұғатын болғанда сол адамдардың арасында көбісі жөтелгенде, түшкіргенде немесе сүйіскенде жұқтырғандар анықталған болар еді. Бірақ зерттеу нәтижелері көрсеткендей вирус мұндай жолмен жұқпайды. Сілекей тек қан араласқанда ғана қауіпті болып саналады. Бұл адамдағы шәуіт, қынап сұйықтықтары және емшек сүтінен басқа барлық биологиялық сұйықтарға қатысты. Егер көзге көрінетін қан араласқан сілекей, тер, несеп және басқа да бөлінділер болмаса жұқтыру қаупі болмайды.

...