+1 дауыс
5.8k көрілді
Қышыма кенесінен қалай сақтануға болады? Қышыма емдеу?

2 жауап

0 дауыс

Қышыма –өте жұқпалы ауру. Ол қышыма кенесі арқылы адамдар мен жануарларға жұғады. Қышыма кенесінің ошақтық түрімен бірге ошақтан тыс түрі де бар. Қоздырушы аталмыш жағдайларда моншада немесе саунада, ұзақ жолға шығатын пойыздарда, қонақ үйлерде жұғады. Кененің осындай берілу жолдары жиі кездеседі. 
Қышыма көбінесе жастардың арасында жиі кездеседі. Екінші орында жасөспірімдер мен орта мектеп жасындағы балалар, ал үшінші орында отбасы ішінде немесе мектепке дейінгі балалар мекемелерінде ауру жұқтырған кіші мектеп жасындағы балалар. 26 жастан асқан тұлғалар ауыру саны мен ауыру қарқыны бойынша соңғы орында. 
Бөрткендер сары түске айналып, қара қабыршықтармен жабылады. Бір шаршы сантиметрде 200 кенеден тұратын калония орналасуы мүмкін. Сондай-ақ норвегиялық қышымаға тән белгілердің бірі тырнақтың, табанның, алақан терісінің зақымдануы болып табылады. Науқас адамнан ашты ауыр иіс шығып тұрады, жиі жағдайларда дене қызуы жоғарылайды. Кененің үй хайуанаттарынан берілу жағдайлары кездеседі, яғни ол ит, шошқа, ат, қоян және ешкі. Бұл ауруды псевдочесотка, псевдосаркоптоз немесе кене дерматиті деп атайды. Ауру жұқтыру көзімен қарым-қатынасқа түспеген жағдайда қышыманың бұл түрі өздігінен басылып қалады, себебі жануарларда болатын кене адамның тері тканьдарында көбейе алмайтындығымен түсіндіріледі. 
Аурудың өзіне тән түрінің тағы бір түрі бар, ол — аз симптомды немесе «инкогнито қышыма», «кірпияз адамдардың қышымасы».
Ауру душты жиі қабылдайтын адамдарды зақымдайды. Жуынған кезде кенелердің көпшілігі жойылады да, сондықтан ауру белгілері әлсіз білінеді. Нәтижесінде дерматит, пиодермия немесе өте сирек жағдайларда микробтық экзема, крапивница туындауы мүмкін. Сонымен қатар қышымаға тән белгілер көрінбей қалуы мүмкін. 
Қышыманың белгілері жыныстық қатынас кезінде берілетін көптеген аурулардың белгілеріне ұқсас болып келеді. Оны мерезбен саралап диагностикалау жүргізіледі. Мерез диагнозының алдыға шығуын болдырмау үшін серологиялық зерттеулер жүргізу керек.
Балаларда қышыманы крапивницадан немесе балалардың қышымасынан ажырата білу керек. Сондай-ақ қышыманы дерматиттерден, экземалардан, жәндіктердің шағып алуынан, аллергиялық шығулардан ажырата білу керек. Қышыма басқа да тері аурулары сияқты жыныстық жолмен берілетін басқа да инфекциялардың болуын көрсетеді. Себебі бір инфекцияға шалдыққан ағза басқа ауруларды жеңе алмайды. Кене зақымдаған тері жыныстық инфекциялар үшін «кіретін қақпа» тәрізді. 
Қышыманың өзі маман оңай анықтап, науқас адамды тез емдейтін ем тағайындай алатын ауру. Тері зақымдану мен пайда болған қышыманы назардан тыс қалдырмауға болмайды.

Аурудың таралуының тағы бір жолы жыныстық қатынас болғандықтан, көптеген мамандар аталған инфекцияны жыныстық жолмен берілетін жұқпалар қатарына қосады.  Қышыма кенесі— өте кішкентай кене, адам терісіне еніп, сонда көбейіп, тері тіндерімен қоректенеді және оңай жарақаттанатын барынша жұқа және нәзік теріге енеді. Жұқпаның енетін орындары әдетте саусақтың арасы, балаларда шытақтың бүгілетін жері, бет, қолтық, әйел адамдарда – сүт бездері. Қышыма енгенде болатын қатты қышу – ағзада кененің болуына қарсы аллергиялық жауап және тері астындағы кененің белсенділігіне қарай күшеюі және тынышталуы мүмкін. 

Қышыма кенесі науқас адамнан қарым-қатынастың кез келген түрінде жұғуы мүмкін, яғни тікелей жолмен (отбасылық немесе жыныстық) немесе тікелей емес жолмен, яғни ортақ пайдалану заттары арқылы (киім, төсек жабдықтары, душ құралдары).
Дәрігерлер қышыманың шамадан тыс жұғуға бейім ауру екенін және басқа тері паразиттік ауруларға қарағанда жиірек кездесетінін ескертеді.
Жылына қышыманың 300 млн.-ға жуық жағдайы болып жатады.Әсіресе гигиеналық деңгейі төмен елдерде ауыру жиілігі жоғары. Соғыс, әлеуметтік және табихи апаттарда, экономикалық дағдарыс жағдайларында аурудың жоғарылауы байқалады. Сонымен бірге жеке әлеуметтік топтардың тұрмыстық жағдайларының нашарлауы кезінде салыстырмалы түрде әл-ауқаты жоғары елдерде де аурудың көріністері байқалып жатады. 
Қышыманың көбеюінеқылмыстың өсуі, алкоголь мен есірткіні қолданушы, салақ жыныстық байланыстарды тәжірибелеп жүрген адамдар санының артуы да ықпал ететіндігін атап өткен жөн.
Қышыманы жұқтыру әдетте отбасында отбасы мүшелерінің біреуімен әкелінуі мүмкін және ұйымдасқан ұжымда болуы мүмкін.

0 дауыс
Тез кетірем десеніз мына сілтеме оқыныз - Демо+ қаз. - http://askabak.tomas.kz/p/287828-psoriazdy-ketiretin-ral-demo/
...