0 дауыс
12.5k көрілді
Үсік түрлері және үсіген жағдайдағы бірінші көмек?

1 жауап

0 дауыс

Тіндерді үсітіп алған кезде буындардың ұзақ мерзімді спазмасы кейінгі тромбозбен ұлпадағы трофикалық бұзылыстарға әкеледі. Үсу қоршаған ортаның температурасы 0 °С-тан төмен болған кезде болуы мүмкін. Дене бөліктерінен аяқ пен қолдың саусақтары, құлақ пен мұрын үсікке шалдығуға бейім келеді. Өйткені суықтың әсерінен дененің осы бөліктеріне қан келу тежеледі де, егер дер кезінде көмек көрсетілмесе ол бөліктердің жасушалар өле бастайды. Тар аяқ киім, киім, қолғап, ылғал киім мен аяқ киім адамның тез үсуіне бірден-бір себеп.

І деңгейлі үсік, үсудің жеңіл түрі - терінің түсінің өзгеруі, жылынғаннан соң ісу, қызару, ауырсыну сезіледі. ІІ деңгейлі үсік теріде мөлдір түсті күлдіреуік пайда болады. ІІІ деңгейлі үсік, теріде қанды күлдіреуік пайда болады, сезімталдық жоғалады. Жазылу өте ұзақ болады, артынша тыртық қалуы мүмкін. IV деңгейлі үсік, үсіктің ең ауыр түрі - тері терең зақымдалады.

Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек – үсік шалған дене бөліктерін белсенді түрде жылыту қажет. Бірінші деңгейлі үсікке шалдыққанда теріні таза матамен қызарғанша сүртіп, зақымдалған жерлерді спиртпен, вазелинмен, маймен сүрту қажет.
Алдымен, үсіген аймақты қыздыру керек. Нақты тәсілдер сол кездегі жағдайға байланысты. Егер аяқ пен қол үсісе оларды жылы суда сабындап жуып, спиртпен сүртеміз. Аяқты жеңіл уқалаған пайдалы. Оған ыстық кофе, шай, сүт береді. Зардап шегушіні дер кезінде емдік мекемеге жеткізу, сондай-ақ алғашқы көмек көрсету болып табылады. Саусақтың ұштары үсісе қолыңызды жылы суға малып (37-40 °С), қызарғанша уқалаймыз. Үсікке шалдыққан қолды суық су астында ұстауға немесе қармен ысқылауға болмайды. Себебі қардың ішіндегі кішкентай кристалдар теріні зақымдайды.

Жергілікті іс-шаралармен қатар, науқасқа ыстық шай және көрпемен орап жылыту қажет. Егер үсік көпіршік пен тері өлуімен қатар келсе, пациентті бірден ауруханаға жеткізу қажет. Бір рет үсікке шалдыққан дене бөліктері суыққа өте сезімтал болады. Егер күн суыта бастаса жылы киінгеніңіз абзал. 

...