+3 дауыс
917 көрілді
Қазақстан тəуелсіздігінің мен үшін маңызы қандай? Тарихи жəне халықаралық маңызын жаз деген тапсырма берилген еди. Мен озимше біраз мəə меттер жаздым алайда сиздердинде ойларынызды білгім келеді. Ой қоссаңыздар!!!

2 жауап

0 дауыс

Тәуелсіздіктің елімізге, ұлтымызға, жалпы әрбір азаматымызға бергені өлшеусіз. Тәуелсіздік алғалы бері кәсіпкерлікпен айналысып келе жатырмын. Кеңес одағы кезінде барлық нәрсеге қадағалау бар болатын. Ал тәуелсіз елімізде бар нәрсемен айналысуға мүмкіндік бар. Кәсібіңді ашамын десең, қолдау бар. Тіпті қадағалаушы органдар кәсіпкерлердің қызметіне кедергі келтірмесін деп мораторий жарияланды. Соның арқасында біраз кәсіпкер шаруасын дөңгелетіп, ойлағанын іске асыруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ бір кездері қолдан тұншықтырылған ана тіліміздің қайтадан қанатын кең жайып, қазақ тілді балабақшалар мен мектептердің көптеп ашылып жатқаны мені қуантады. Бұрын қоғамда цензура болатын. Мәскеуден, партиядан қорқатынбыз. Қазір кез келген азаматтың өз ойын білдіруіне мүмкіндігі бар. Мұның барлығы Тәуелсіздікке қол жеткізіп, дұрыс жолда дамып келе жатқан еліміздің арқасы деп білемін. 

0 дауыс
Халқымыз үшін күрделі және жауапты кезең болған ХХ ғасырдың соңында егемендіктің, дербестіктің де күні туды. Адам бойындағы даралықты, шығармашылыққа деген еркіндікті мойындаған демократиялық елде ғана мемлекеттік егемендікке, тәуелсіздікке  ауадай қажетті төзімділік те, бірлік те, достық та, ынтымақтастық  та нығая түседі. Адамдар қоғамдағы қарапайым тобыр, бұқаралық  мәдениет өкіліне айналмайды, олар бұл тір-шілікте өзінде лайықты  өмір жолы бар еркін ойлайтын азаматтар қауымдастығына айналады. Республика азаматтары өздерінің мәдени және ұлттық бірегейлігін егемен еліміздің болашағымен байланыстыру арқылы ғана жасампаздық жолына түсе алады. Осылайша, саяси-әлеуметтік орнықтылықтың, мәдениетаралық, этносаралық және дінаралық келісімнің тереңдеуіне себепкер болады.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кемеңгер басшылығымен біздер дүние жүзіне танымал егемен ел болдық. Осы жетістікке жету үшін Қазақстан халқының, соның ішінде негізгі шешуші орны бар қазақ ұлтының рухани және материалдық игіліктерін арттыруға байланысты ауқымды жұмыс атқарылды және атқарылуда. Республика атауын берген қазақ ұлтымен бірге елімізде басқа халықтардың өкілдері де жемісті еңбек етуде. Міне, осы қазақ ұлтының құндылықтары, тілі, мәдениеті төңірегіне барлық қазақстандықтарды іштей топтастыру, ортақ саяси құндылықтар негізінде оларды бірегейлендіру құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам құру үшін өте маңызды. Өйткені бәріміз ежелгі қазақ топырағында өмір сүрудеміз. Сондықтан, қазақтардың ата дәстүрін, дала заңын, саяси мәдениетін, шежіре-тарихын білетін Қазақстан халқының жаңа демократиялық санасын қалыптастыру қажет. Осыған орай, «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының бәсекеге қабілетті қазақ ұлтын, Қазақстан халқын қалыптастырудағы маңызы айтарлықтай.

Қазақ халқы өзінің ұлттық бостандығы мен егемендігі үшін 260-тан астам ұлт-азаттық қозғалысқа, көтеріліс шыққан, соның соңғысы 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі. Еліміздің барша азаматтары, тілі шығып, бір нәрсені түсінуге жараған бүлдіршіннен бастап жүз жасаған ақсақалды қарияларымызға дейін – бәріміз тәуелсіз дербес мемлекетіміз бар екендігін осы жиырма жыл ішінде анық сезінетін болдық: http://e-history.kz/kz/contents/view/1265
...