+1 дауыс
3.0k көрілді
Сүт безінің қатерлі ісігі туралы ақпарат керек?

1 жауап

0 дауыс

Әйелдердің сүт бездері ағзаларының маңызды бір бөлігі есебінде болса бір жағынан бұл нәзік жандардың сұлулығы мен тартымдылығының ең басты құпиясы. Өкінішке орай, әйелдердің басым бөлігі өз омырауының денсаулығы туралы көп ойлана бермейді. Соның салдарынан, соңғы кезде маммолог дәрігерлер сүт бездеріне қатысты түрлі диагноздарды жиі қоюда. Солардың қатарына мастопатия – сүт безінің ісініп, сыздап ауруы, немесе қатты  түйіншектің  пайда  болуы, сүт безінің қатерлі емес ісіктері, сүт безінің қатерлі ісігі (рак). Мастопатия және қатерсіз ісіктер қатерлі ісікке айналуы мүмкін. Сүт безінің қатерлі ісігі жағдайларын ерте анықтап науқасқа ерте бастаған жөн. Арнайы ем уақытында өткізілмей науқас дертін асқындырып алса, өмірі қысқа болып, емнің  қонуы қиындай түседі. Қатерлі ісіктің бірінші және екінші сатысында емдеу жұмыстары дұрыс жүргізілген жағдайда науқастың толық емделіп шығуға мүмкіндігі болады. Сүт безінің қатерлі ісігін анықтау үшін сипалап тексеру, ультрадыбысты зерттеу жүргізу, рентгенге түсіру, биопсия алу әдістері пайдаланылады.

Сүт безінің  қатерлі ісігінен сақтану үшін: бірінші босану 25-27 жасқа дейін болуы керек, баланы кемінде бір жарым жасқа дейін емізу, мүмкіндігіше аборт жасатпау, жыныс  мүшелерінің ауруларын ерте анықтап дер кезінде емдеу, бауыр, қалқанша және сүт безі ауруларын уақытыл анықтап емдеу.

Негізінде әрбір әйел сүт бездерін өздері тексерген жағдайда сүт безінде өзгерістерді ерте байқайды. Бұл үшін әйелдер беліне дейін шешініп, айна алдына  барып, екі  қолын желкесіне көтеріп, айнаға  қарауы керек. Сүтбезінің  ұшының  жоқ  болып  кетуіне назар аударған жөн. Сонан соң сол қолды желкеге қойып, оң  қолымен сол жақтағы сүт безі ұшынан бастап сипалап, қолтық астындағы және  бұғана сүйегі үстіндегі бездерді тексереді. Сонан соң оң қолды желкеге қойып, сол қолымен оң жақтағы сүт безін, оң қолтық астын, бұғана сүйегінің үстін тексереді. Осы өзін-өзі тексеру әдісін әйел  қатты диванға жатып, қайталағаны жөн. Бұл тексеруді етеккірден бір жеті  өткеннен кейін жасаған жағдайда тексеруге қолайлы жағдай туады.

Егер сүт безінде қолға қатты тиетін тығыздану және қатты бездер табылса, өз  бетінше емделмей, дер кезінде дәрігер маммологқа немесе онкологқа көріну керек.

...