0 дауыс
13.2k көрілді
Күміс, алтындарды қалай тазалауға болады? Әшекей тазалау

3 жауап

+1 дауыс
Күміс құйатын жерге апарсаң тазартып береді. Тіс щеткасы сияқты бірдеңемен сабндап тұрып тазартып берген мініңкі.
0 дауыс

Уақыт өте кез келген әшекей бұйым өзінің бастапқы табиғи жылтыры мен әсемдігінен арыла бастайды. Адам терісімен ұзақ уақыт жанасқан алқа, сақина, сырғалардың бетіне май мен терінің өлі жасушалары жиналады. Бұл әшекейдің қараюына әкеліп соқтырады.

Сақина мен сырғалардың көздеріндегі бағалы тастар түсіп, ал қысқыштары сынып қалуы мүмкін. Оларды тек тазалаумен шектелмей, жыл сайын зергерге көрсетіп, тексеруден өткізіп тұрғаныңыз абзал.

Әшекей бұйымдарды сатып алғанда сыртындағы қораптарды сақтаңыз. Ішінде жұмсақ жастықшаның болғаны дұрыс. Зергерлік бұйымдарыңыздың бірнеше данасын бір қорапқа салмаңыз. Сондай-ақ, моншақтардың бір-бірімен шатасып қалуына жол бермеңіз. Аталмыш бұйымдарды тағып спортпен шұғылдануға, шомылуға, ұйықтауға болмайды.

Оларды:

- жылы сабынды сумен;

- қант қосылған таза сумен;

- мүсәтір спирті мен этил спирттерінің ерітінділерімен;

- этил спиртімен;

- арнайы әшекей тазалайтын шүберектермен;

- әшекей бұйымдарын тазалауға арналған сұйықтықтармен;

- тіс ұнтағы ерітіндісімен тазалауға болады.

Әшекей бұйымдарды айына бір реттен артық тазалауға болмайды. Себебі тазалағыш сұйықтықтардың құрамында химикаттар мен реактивтерді, солардың ішінде сынап, күкірт, йод, хлор сияқты заттарды шамадан асыра қолдану әшекей бұйымдардың өңін кетіреді. Сол себепті, жиі-жиі таза құрғақ шүберекпен сүртіп тұрыңыз. Бриллиант, жақұт (сапфир), лағыл (рубин), гранат тастарымен безендірілген әшекей бұйымдардың көзіне зақым келтіріп алмас үшін таза қолданылмаған тіс щеткасымен ысқылау жеткілікті.

Меруерттен (жемчуг) жасалған әшекей өте сәнді әрі өте бағалы көрінеді. Және бұл асыл тас ерекше күтімді қажет етеді. Моншақтары кірлене қоймағанымен, оны тізіп қойған жіп қарайып, маржандар әдемілігінен айырылады. Сондықтан үш жылда бір рет маржандар тізілген жіпті ауыстырып тұру керек.

Алтын аз уақытта өңін беріп, бетінде жұқа май қабаты пайда болады. Оны кетіру үшін алдымен сабынды суға езіп, сол суға алтын әшекейлеріңізді салып қойыңыз. Біраз уақыт өткен соң, тіс жуатын щеткамен ысқылаңыз. Егер әшекейіңіздің өңін бастапқыдай жылтырата алмасаңыз, алтынды жууға арналған арнайысұйықтықтарды қолдануыңызға болады. Арнайы сұйықтықты зергерлік дүкендерден табасыз.

Күміс бұйымдарды тазалау үшін оларды 2-3 сағат бұрын туралған картоп салған суға батырып қойыңыз. Сондай-ақ ас содасы қосылған суға салынған күміс тез жарқырап шығады (1 литр суға 50 гр ас содасы). Қара дақтары бар күміс бұйымдарын мүсәтір спирті ертіндісімен тазалауға болады (1литр суға 1 ас қасық спирт). Ылғалдықтан пайда болған дақтарды жылы сірке суымен кетіре аласыз. Қандай жолмен тазаласаңыз да, күмісті ең соңында жылы таза сумен шайған дұрыс. Гауһар тас, лағыл, жақұт сияқты қымбат асыл тастары бар әшекей бұйымдарды тазалағанда өте абай болыңыз.

0 дауыс
Менің әжем оларды содамен тазалайды.Әшекейлер бұрынғы қалпында қалады.(сатып алған кезіндегі таза күйінде).Көмегі бар!
...