0 дауыс
33.8k көрілді
Күріштің адам ағзасына пайдасы қандай?

2 жауап

0 дауыс

Күріштің пайдасы

Күріш адам ағзасын жақсы тазалайтын күшті қасиетке ие. Оның түрлі сұрыптарынан тағам дайындалады. Негізгі азықтық дақылдардың бірі саналатын күріш дәнінен – спирт, крахмал алынады, сыра қайнатылады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі – мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға да болады.

Мамандардың айтуынша, күріш-калориясы төмен азық. Азиялықтардың мүсінінің әсем, өздерінің ұзақ өмір сүретінінің сырын зерттеушілер, ол күрішті көп тұтынатындықтан, деп түсіндіреді. Күріштің құрамында көмірсулар 80, жасұнық 3 пайызды құрайды. Сол себепті, көкөністерден дайындалған тағамға күрішті де гарнир ретінде ұсынады.

Сонда, күріш несімен пайдалы? Құрамында глютена жоқ болғандықтан. Глютена дегеніміз – ағзада қатты аллергиялық реакция тудыратын ақуыздар ғой. Ал, енді күріш құрамындағы ауыр көмірсулар тағаммен адам ағзасына еніп, оның бұлшық етіне жинақталады да, күш-қуатты керегінше шығарып отырады. Күріштің құрамында магний, темір, В тобының дәрумендері бар. Ақуызға бай күріш ағзаны қажетті амин қышқылдарымен қамтамасыз етеді.

Күріш құрамындағы ауыр көмірсулардың көмегімен адам ағзасында күніне қант пен майлар құрамы өз мөлшерінде реттеліп отырады. Ағзаға өзге тағамдармен түскен зиянды заттарды да күріш өз бойына сіңіріп алып, залалсыздандырады. Сол себепті күріш арқылы ем-дәм (диета) ұстанғандаағзадан тұз бен қалдықтар (шлактар) сыртқа шығады. Соның нәтижесінде, жүйке жүйесі жақсы жұмыс атқарып, ұйқы дұрысталады, бет терісінің түсі әдеміленеді, ауыздан жағымсыз иіс шықпайтын болады. Бұл, әрине, күріш тағамдарын тұтынудың басты-басты пайдасы.

Бес құрлықты «жаулаған» дақыл – күріштің құрамындағы калий жүрек қан-тамырының жұмысына, дертіне шипалы. Өйткені, ол жүректің бұлшық еттерін нығайтады, жұмысын жақсартады. Тағам болып ағзаға түскенінде, күріш ең алдымен тұзды (натрий) жояды, сол тұздық зияндылығы ағзадағы судың сіңімділігі кедергі келтіруі. Яғни, күріш ағзаны тұз бен артық судан арылтып, зат алмасу үдерісін жандандырады.

Күріштің ең пайдалы қызметтерінің бірі – бүркегіштік әрекеті. Дәнді дақыл ас қорыту жүйесі арқылы ішке енгенінде оның қабырғаларын, (жақтаушаларын) асқазанды жұмсақ түрде бүркеп өтеді, әрі күріштен жасалған тағам асқазан сөлінің қышқылдығы жоғары, гастрит, жарасы бар науқастарға емдік әсерін тигізеді.

0 дауыс
Separation болғаншақ күріш владелці: ЫБЫРАЙ ЖАҚАЕВ.
Күріш адам ағзаны жақсы тазартады,адамның иммунитетіне өте деген бай,
адамның ағзалары жақсы жұмыс үстеуге жақсы,күрішке деген Ronaldo знаменитый футболистің өзі ұннатты
...