+1 дауыс
15.0k көрілді

Қан дегеніміз не? Қанның негізгі түсі қандай болады?

2 жауап

0 дауыс

Қан дегеніміз не?

Қан (sanguis) – организмде химиялық заттарды тасымалдау арқылы клетка (жасуша) және клетка аралық кеңістіктерде өтетін биохимиялық үрдістерді (процестерді) біртұтас жүйеге біріктіріп тұратын сұйық тін. Қанның қызметі көп.Соның ең бастыларының бірі – газ тасымалдау (газ алмасу, тыныс алу); трофикалық тасымалдау – глюкоза, аминқышқылдарын, тұздарды, суды, тағы да басқа қоректік заттарды ас қорыту органдарынан тіндерге жеткізу; экскреторлық тасымалдау – организмдегі қажетсіз заттарды (несеп зәрін, несеп қышқылын, креатин, т.б.) зәр шығару мүшелеріне тасымалдау. Қанның ақ түйіршіктері бар. Оны лейкоциттер деп атайды. Бұлар бактерияларға қарсы арнайы иммунитет қалыптастырады, бактерияларды арнаулы емес (бейспецификалық) жолдармен жою арқылы ағзада қорғаныш қызметін орнатады. Қанда гормондар, биологиялық белсенді заттар болады. Олар зат алмасу өнімдерінің қатысуымен организмде мынандай күрделі жұмыстардың ұйытқысы болады: ағзада су мен тұздардың тепе-теңдікте тұруы, қышқылдар мен сілтілердің үйлесімділік табуы, организмде дене температурасының тұрақты болуы, қанның өндірілуі, тағы да басқа физиологиялық көрсеткіштердің қалыпты жағдайда реттелуі, организмнің ішкі ортасы тұрақтылығының сақталуы.

Адам қанының құрамы

Қан эритоциттер, лейкоциттер, тромбоциттер деп аталатын қан түйіршіктерінен, клеткааралық сұйық зат – плазмалардан тұрады. Гематокриттік көрсеткіш дегеніміз осы қан түйіршіктері мен сұйық бөлшегінің өзара пайыздық арақатынасы. Қалыпты жағдайда қан түйіршіктері 40-48 пайыз, плазмасы 52-60 пайыз болады, дейді дәрігерлер. Қан плазмасының 90-93 пайызы – су да, 10 пайызы – құрғақ зат. Бұл құрғақ заттың құрамы: 7-8 пайызы белок (4-5 пайызы альбуминдер, 3 пайыздайы глобулиндер, 0,2-0,4 пайызы фибриноген), 2-3 пайызы органикалық заттар мен минералдық қосылыстар. Қан плазмасы көмірсуының негізі – глюкоза. Қан липидтерінің құрамы: нейтральды майлар, бос май қышқылдары, олардың ыдырағаннан кейінгі өнімдері, холестерин, стеройдты гормондар.

Қанның бір тамшысының құрамында:

1. Қызыл қан денешіктері. Олар 20 миллионға жуық. Олардың әрқайсында оттегіні оңай біріктіріп, тасымалдайтын гемоглобин деп аталатын зат бар. Негізінен, қызыл қан денешіктері үш айдай өмір сүріп, жаңарып отырады.

2. Ақ қан денешіктері – лейкоциттер. Олардың көптеген түрлері болады. Көпшілігі микробтармен, аурулармен күреседі. Денеде қанмен бірге лимфа сұйықтығы да жүріп, зат алмасу қалдықтарын әкетеді, зиянды заттар мен микробтарды жоятын ақ қан денешіктерді таратады. Қаннан айырмашылығы, тек бір бағытта ғана қозғалуы. Ақ қан денешіктерінің кейбірі бірнеше күн, ал кейбіреулері бірнеше жыл өмір сүреді.

3. Қан пластинкалары немесе тромбоциттер. Олар бір-екі миллионға жуық, қанды ұйыту қызметін атқарады. Қанның ұюы деп – қан тамыры жарақаттанғанда ағзаның қансырауды болдырмайтын биологиялық қасиеті.

Қанның мөлшері мен тамырлары

Адам денесі салмағының он екіден бір бөлігіне жуығы – қан. Ересектердің көпшілігінде бұл 4-6 литр қан шамасында. Қанның 55 пайызға жуығы бозғылт сұйық плазма да, қалған 45 пайызы микроскоппен ғана көрінетін ұсақ жасушалар. Былайша айтқанда, адам денесіндегі қанның қалыпты көлемі дене массасының 6-8 пайызын немесе 1/13-1/14 бөлігін құрайды. Орта есеппен ер адамда 5,2, әйелде 3,9 литр қан болады.

Денеде жарақат пайда болғанында қан ұйып, жараның аузын бітеп тастау үшін оған қарай барады да жарақат орнында қанның құрамында фибрин деп аталатын зат микроталшықтардың торын құрайды. Қан пластинкалары (қан жасушалары) жарақаттан қанның сыртқа шығуын болдырмайтын ұйынды құруға жәрдемдеседі. Сонан соң ұйынды қатаяды, қабыршаққа айналады, жара жазылғанша, оны бірнеше күн бойы қорғап тұрады.

0 дауыс
Қан - адамға және барша тірі жаратылысқа қажет болған сұйықтық. Қанның негізгі түсі қызыл. Түсі ашық қызыл немесе тоқ қызыл болса, қанның құрамында бір заттар көп н/е аз деген белгі.
...