0 дауыс
24.2k көрілді
1917 жылы қандай партиялар мен қозғалыстар құрылды?

2 жауап

0 дауыс
Алаш, Туркестан федералистер, Уш жуз, Шура-Ислам партиялары осы кезде пайда болды.
0 дауыс
Саламатсыз ба?! Сіздің сауалыңызға төмендегі сілтемелер көмектеседі деген ойдамын.

Ресейде патша билігінің құлауы нəтижесінде қазақтың ұлтжанды қайраткерлерінің ұйымдастырумен Қазақ жерінде «Алашорда» деп аталатын қазақтың ұлттық үкіметі (1917 жылы 13 желтоқсанда) құрылып 1917–1920 жылдары өмір сүргені тарихтан белгілі. Алаш автономиясының құрамына сол кездегі Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарындағы, Каспий сырты облысындағы, Алтай губерниясындағы қазақтар мекендейтін аудандар енгізілді. Ал Түркістан аумағындағы қазақтарды қосып, автономия жариялауға 1 ай мерзім белгіленді [1, 125].

Қазақ хандығы мен мемлекеттік билік жүйесі бірнеше ғасыр бойы қалыптасып, ұлттық мүддені қорғау мен жүзеге асырудың мол тəжірибесінің жинақталуы, Алаш зиялыларына XX ғасыр басында Ресей құрамында автономия түрінде өз мемлекетін құрып сыртқы байланыстарды қалыптастыруына мүмкіндік берді.

Алаш үкіметін жариялаған 1917 жылғы желтоқсандағы Екінші жалпы қазақ съезінің шешімдерінде сыртқы байланыстар орнату маңызды мəселе ретінде көтерілді. Съезд Алашордаға:
а) қарыздар алуға;
б) басқа автономиялық көршілермен бірлесіп келіссөздер жүргізуге уəкілдік берген. Бұл жағдайда келісім жасау құқығы: «Алаш» Құ рылтай жиналысына жүктеледі — деп көрсетті [2, 87].

Ресейдің Азиялық бөлігінде 1917 жылғы революциялар нəтижесінде 1917–1918 жылдары Кеңес өкіметінің саясатына қарсы бағытталған бірнеше үкіметтер құрылып, алды бірнеше ай, ал кейбірі бірнеше жыл өмір сүрді. Толығырақ: http://e-history.kz/kz/contents/view/2130

Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.

1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні жарияланды. Онда:“Азаматтар! Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мүшелері астана жұртшылығы мен әскердің қолдауы, ниеттестігі арқасында қазіргі уақытта ескі режимнің қара күштеріне қарағанда анағұрым табысқа жетіп отыр. Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін құруға мүмкіндіктер туғызды. Осы мақсатта Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті бұрынғы қоғамдық-саяси қызметімен көзге түскен өкілдерден құрылған алғашқы кабинеттің министрлерін тағайындады”, - деп князь Г.Е.Львов басқаратын кабинеттің министрлері көрсетілді. Бұл кабинет өз қызметінде: 1) саяси, діни, қарулы көтеріліс және т.б. істер бойынша амнистия жариялауды; 2) сөз және баспасөз бостандығын жария етуді; 3) ұлттық, діни және сословиялық шектеушіліктерді жоюды; 4) елді басқару формасын, конституциясын айқындайтын жалпыға бірдей жабық, тікелей дауыс беру арқылы сайланатын Құрылтай жиналысына тоқтаусыз дайындық жүргізуді; 5) полицияны милициямен алмастырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бағындыруды және т.б. демократиялық негіздерді басшылыққа алатынын мәлімдеді. http://e-history.kz/kz/contents/view/842
...