0 дауыс
104k көрілді
Биология 1 зертханалық жұмысы 9 сыныптан барма көмекті аямаңыздаршы!!!

7 жауап

+1 дауыс
сынауыкка шики картоп туирин салып оксидин куйсак не болады?
0 дауыс

Зертханалық жұмыстың тақырыбы: 

«Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын есептеу ». 

Білімділік мақсаты: оқушыларды тамырдың соғуын есептеуге үйрету, құрал – жабдықтармен таныстыру. ЭКГ жүрек электр әлеуетті толқындарының үш аралығының физикалық жүктемеге дейінгі және одан кейінгі уақыт бойынша ұзақтығын анықтау. 

Дамытушылық мақсаты: оқушыларға тамырдың соғуын есептеу арқылы жүрек жиырылуының жиілігін анықтауды үйрете отырып есте сақтау қабілеттерін дамыту. 

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды бірігіп жұмыс жасауға үйрету, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, құрал – жабдықтарды дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу. 

Сабақтың әдісі: Жұптасып жұмыс жасау. 

Керекті құрал – жабдықтар: секундтық бағдаршасы бар сағат немесе секундомер, тонометр, сенсорлық ЭКГ, тамыр соғысын анықтайтын датчик. 

Пәнаралық байланыс: математика, денешынықтыру, валеология. 

Жұмыс уақыты: 45 минут. 

Жұмыс реті: Оқулықтағы 39 – параграфты оқыңдар. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдер: тамырдың соғуы дегеніміз не? Оны қайдан анықтауға болады? Неліктен тамырдың соғуын адам денесінің сол жерінен табуға болатынын түсіндіріңдер. Адамның артериялық қысымын тонометр арқылы өлшейді. Дені сау адамның ең көп қысымы 100 – 120 мм сын. бағ., ал ең аз қысымы 70 – 80 мм сын. бағ. құрайды. Қан қысымының 150 мм сын. бағ. артуы гипертония деп аталады. Бұған жүйке жүйесінің зорығуы, қажу, эмоциялық күйзеліс және т.б. себепші болады. Гипертонияның алдын алу үшін тамақтану және ұйықтау режимін қадағалап, жұмыс пен демалысты кезектестіріп, салауатты өмір салтын сақтау керек.Иық артериясының қысымының 70 – 80 мм. сын.бағ.дейін төмендеуі гипотония деп аталады. Бұл – адам өміріне қауіпті, организмнің әлсіреген іс – әрекетінің көрсеткіші болып табылады. Тамырдың соғуы - жүрек әрбір жиырылғанда пайда болатын артерия қабырғасының ырғақты тербелісі. Тамырдың соғуы бойынша жүректің бір минуттағы жиырылу санын анықтауға болады. Тамырдың соғу толқынының артериямен таралу жылдамдығы, шамамен, 10 м/с құрайды. Тамырдың соғуы кәрі жілік артериясынан, табанның сырт жағындағы артериядан оңай сезіледі. Ересек адамда тамырдың соғу жиілігі тыныштық кезінде минутына 60 соққы құрайды және дене еңбегіне, эмоциялық жай – күйіне байланысты. Жүректің әр түрлі аурулары кезінде аритмия - тамырдың соғуында ырғақсыздық байқалуы мүмкін.Қан жүректің ырғақты жұмысына байланысты қозғалады.Қанның венамен қозғалуына қаңқа бұлшық еттерінің жиырылуы да, ішкі мүшелер қысымы да әсер етеді. Бұлшық еттер жиырылғанда венаны қысып, ондағы қанды тамырлармен жүрекке қарай айдайды. Организмнің қалыпты күйінде барлық қан айналымға түспейді, белгілі бір бөлігі қан қорында болады. Қанды қорға жинақтайтын мүшелерге көкбауыр, бауыр, тері астындағы май клетчаткасы жатады. Қансыраған кезде қан бұл мүшелерден жалпы қан ағысына түседі де, қан қысымын сақтауға мүмкіндік береді. Электрокардиограмма сигналының кәдімгі бес толқыны бар: 

• P Толқыны – қанды төменгі камераларға (жүректің қарыншаларына) өткізу үшін жүрекшенің жиырылуына дейін пайда болатын жүректің жоғарғы камераларындағы электр сигналы болып табылады. 

• Q R S толқындары жүректің қарыншалары қанды қолқа арқылы денеге өткізуіне дейін пайда болатын электр сигналы болып табылады. 

• Т толқыны – жүректің жоғарғы камераларының кеңеюі мен аса толуы жүректің қарыншаларының қайта үйектенуіне алдында пайда болатын электр сигналы болып табылады. 

1.Тамырдың соғуын есептеуге үйрену. 
2.Кәрі жілік сүйегінің білезік маңынан тамырдың соғуын үйреніңдер. 
3.1 минуттағы: а)отырып; ә)тұрып;б) 10 рет отырып тұрғаннан кейінгі тамырдың соққысын санаңдар. 1 минутта тамыр соғысы 60 – 80 соғуы қажет. Ал жаттығу жасағаннан кейін тамыр соғысы 110 - 120 ға дейін көтеріледі. 
4. Жүрек соғысын анықтау. 

Зертханалық жұмысымызды бастамас бұрын мынадай қауіпсіздік ережелерімен таныс болайық. 
*Осы тапсырманы орындау үшін ЭКГ өлшенетін адам 2 минут ішінде орнында жүгіру сияқты жаттығуды жасауы керек. Өзіңізді ыңғайсыз сезінсеңіз, бұл жаттығуды жасамаңыз. 
Есеп беру тапсырмасы. 
1.Дәптерлеріңе тамырдың соғуы, тамыр соғу жиілігі туралы жазыңдар. 
2.Дәптерлеріңе кестені толтырыңдар. 
Қорытындылау. 
Әр түрлі бұлшық ет жүктемесі кезіндегі тамырдың соғуының өзгеруі

1 минуттағы тамыр соққысының саны

 

 

Отырғанда

Тұрғанда

10 рет отырып, 
тұрғаннан кейін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Алған нәтижелерді салыстырыңдар. Өз жүректеріңнің тыныштық және жүктеме түскен кездегі жұмысы туралы қорытынды жасаңдар.
Тест сұрақтары. 
1.ЭКГ жазуына әсер етпейтін жағдай? 
а) дене күйі 
в)кофеин 
с)темекі 
г)балмұздақ 


2.Адамның тыныш күйіндегі және дене шынықтыру жаттығуынан кейінгі QRS кешені ұзақтығын салыстырыңыз. QRS кешенінің ұзақтығы денеге түсетін ауырлықтан кейін қалай өзгереді? 
а) Сол қалпында қалады 
в)ұзақтығы көбейеді 
с)Ұзақтығы азаяды 
г)көбейеді, сосын азаяды 

3.P толқынынан Т толқынына дейінгі цикл қалай аталады? 
а) жүрек соғу жиілігінің ең көп жиілігі 
в)жүрек соғу жиілігі 
с) QRS кешені 
г)Электрокардиаграмма 

4.Жүректің жоғарғы камералар (артия) арқылы өтетін электробелсенділігі қалай аталады? 
а) QRS кешені 
в)Р толқыны 
с) Т толқыны 
г)S T толқындар кешені 

5.Артериялық қысым қай кезде ең көп болады? 
а) жүрекше жиырылғанда 
в)қарынша жиырылғанда 
с) қарынша босаңсығанда 
г)жалпы босаңсығанда 

Бағалау: 

Үйге тапсырма: §39 түсінік айту тапсырмалар мен сұрақтарды орындау.
0 дауыс
9сынып 7-зертханалық жұмыстың жауабы барма Тақрыбы:əртүрлі өсімдік түрлерінің морфологиялық ерекшеліктері
0 дауыс
9 зертханалық жұмыс: 2)《Арамарфоз》 дегеніміз не? Морфологиялық - физиалогиялық үдеріс. Бұл орасан зор бейімделгіштіктің пайда болуы, ол тіршіліккі бейімділікті ебəуір көтеріп, жаңа тіршілік ортасына көшуге жəрдемдеседі. Ақпарат дұрыс ....
0 дауыс
Қарапайымнан күрделіге қарай дамуы эф-ның нег
0 дауыс
1 сурет салу

2....

3.Фотосинтез жүреді

4.Ешқандай реакция байқалмайды.себебі органикалық заттарға реакция бөлінбейді.

5ферменттер

Котолизімдік
+1 дауыс
9 сынып 6 зертханалық жұмыстағысында қорытындысфнда модификациялық өзгергіштіктің себептері туралы

Ұқсас сұрақтар

...