+1 дауыс
1.7k көрілді
Ассалаумағалайкум, құрметті достар! Адам бір нәрседен тарыққанда, қорыққанда, жанын қоярға жер таппай қысылған сәтте біреуден көп көмек күтеді екен. Сырлас достар іздей бастайды екен. Өмірге шыр етіп келген соң, тағдырдың шырмауына түссең де шыдай білу парыз дейді ғой. Менің де айтар өзімнің сырым мен мұңым бар... Алла қаласа осы айдың соңына таман ЖИЫРМА жасқа толамын. Айналамдағы адамдармен қарым қатынасым жақсы. Ашық жарқын мінезді адаммын . Тұйық емеспін. Сабақты да жақсы оқып, қалаға студент атанып келгенде де өз ортама тез сіңісіп кеттім. Биыл үшінші курстамын.... Мені мазалайтын бір нәрсе бар ол - күдік толы ойлар. Бұрын кішкентай кезімде ағамның артынан қалмай жылап жүргенде, ағам тас кесектеп көзімнің 1 см жоғары жағына тиген еді. Содан жүйке клеткаларым бұзылса керек. Содан кейін қора өртеніп шошынып оянғаным тағы бар. Одан 9 жасымда әкем қайтыс болып, жерлеуіне апарған еді... Бәрін көзбен көрген едім.. Солардың әсері шығар жүйкем жұқара бастады өсе келе...Жақында емханаға жатып ем алып шықтым. Система салды, жүйкені тыныштандыратын ине салды... Бірақ, сол баяғы ойымнан арыла алар емеспін. Өзім өте тынымсыз адаммын.. Сәл ауыра қалсам қорқа бастаймын... Сондағы маза бермейтін ойлар : өлім жайлы ойлап кетемін... Аурудың әсері шығар сол нервологиялық... Әйтпесе қан қорытындыларым, бүкіл анализдерім өте жақсы. Ешкандай даман результат жоқ. Тек ойлар ғана... Арыла алмай-ақ қойдым. Қашанға дейін өмір сүрем екен.... Жүрегім қатты соғып тұрған сияқты.. Өлетін болармын... Бәрі уақытша ғой... Өлгім келмейді... Өмірді қимаймын... Басым айнала бастаса қан құйылып кетпей ме екен.... Ол неге айналады екен... Неге мен ауыра беремін деген сияқты ойлар келеді.... Өз өзімді қолға ала алмаймын... Жүрегім қатты соғып кетсе, немесе жаман ойлар келсе қайда қашып тығыларымды білмей дал боламын... Кейде өзіммен өзім отырып жылағым келеді.... Не істесем екен, достар? Біреу мені жұбатып жылы- жылы сөйлесе кішкене өзім тынышталып қаламын.... Күндіз ештеңе ойламай жақсы жүремін де күн бата өмірден түңіле бастаймын... Бастарыңыздан осындай оқиға өтсе қалай жеңгендеріңізді айтыңыздаршы достар, қалай арылуға болады мына ойлардан.. Ойлаған сайын ауыра берем, ал егер басқа нәрсемен айналысып кетсем бәрінде ұмытып кетемін... Достар көмектесіңіздерщі!!!

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Қатты уайымшыл екенсің. Ондай жағдайды меланхолия деп атайды. Меланхолиядан арылу үшін спортпен, шығармашылықпен айналыс, кітаптар оқы. Спортпен айналысуға жағдайың келмесе, онда гантель көтер, скакалкамен секір. Гантель орнына су толтырылған баклажкалар да жарайды )

+1 дауыс
Өзіңе дос тап. Спортпен айналыс, терле, шаршағанша физикалық жаттығулар жаса. Сөйлесіп жүрген адамдарың , құрдастарың бар болса соларға айт. Өлу ақымақтық... деп ақыл айта беру оңай енді. Өзің білесің ғой.
...