PISA- халықаралық зерттеу бағдарламасы.
Бұл зерттеу 3 бағытта жүргізіледі.
1. Математикалық сауаттылық;
2. Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық;
3. Оқу сауаттылығы.
Аталмыш бағдарлама халықаралық деңгейде өткізілуде. Бағдарламаға 8-9 сынып оқушылары қатысады. Қазіргі күнде типтік сұрақтар әзірленуде. Ал басқа сұрақтар жүйесін осы бағдарлама бойынша сабақ жүргізетін ұстаздар дайындауда. Негізінен ойлау арқылы шешілетін тестер болады (яғни, дайын сұрақтар, бірақ жауап жоқ). Тестілерге берген жауаптарыңызды бір жылдан кейін ғана нәтижесін көруге мүмкіндік болады. Тестің нәтижесін экономика – ынтымақтастық және даму ұйымы жариялайды. PISA- халықаралық зерттеу бағдарламасының басқа бағдарламалардан артықшылығы: оқушылардың функционалды сауаттылықтарын арттыру, яғни сауаттылықты тексеру мақсатында жүргізілетін зерттеулер.
Мұрат Әбенов