+2 дауыс
457 көрілді

Көліктің қолды болмағанын қалай анықтауға болады? Жақында жеңіл автокөлік сатып алып едім, құжаттарының бәрі дұрыс. Дегенмен «сақтықта қорлық жоқ» дейді ғой, оның ұрланған, ұрланбағанын қалай анықтауға болады?

3 жауап

+1 дауыс

Көліктің ұрланғанын немесе жол-көлік оқиғасына қатысқан, қатыспағанын анықтаудың екі жолы бар. Біріншісі, автокөлік сатып алған адам қалалық МАИ қызметіндегі автоматтандырылған іздестіру бөліміне келіп, машинаның мемлекеттік нөмірі бойынша құжаттарды көрсету арқылы анықтай алады. Екінші жолы – Жол полициясы басқармасындағы автокөлікті тіркеуге алу немесе тіркеуден шығару жөніндегі сарапшы-криминалистің тексерісіне жүгіну. Маман көліктің техникалық паспортындағы нөмірдің мотордағы нөмірмен сәйкес келуін тексереді. Олай болмаған жағдайда көліктің ұрланғандығы расталып, соған байланысты көлемді анықтау-тергеу жұмыстары жүргізіледі.

0 дауыс
Оны дұрыстап тексеру керек
0 дауыс
көлік сатып алған соң, оны МАИ қызметкерлеріне көрсетесіз. Олар компютерден көліктің егесі кім, көліктің төленбеген налогы барма бәрін тексеріп береді.
...