+2 дауыс
390 көрілді
Жүктілігім үшін еңбек шартын ұзартпай қою қаншалықты дұрыс?

2014 жылдың 15 сәуірінде мекемеге жүкті әйелдер есебінде тұрғаным жөнінде медициналық анықтама апарып бердім. Сол күні жұмыс орнынан маған 2014 жылғы 19 мамырға дейін жасалған бұрынғы еңбек шартының мерзімі бітетіні туралы ескертпе қағаз жіберіпті. Қазіргі уақытта менен басқа қызметкерлердің барлығы да жұмысқа қайта кірісті. Менімен еңбек шартын ұзартпауы заңды ма?

1 жауап

0 дауыс
ҚР Еңбек кодексінің 185-бабының 2-тармағына сәйкес, егер әйел еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі апта және одан көп апта жүктілігін растайтын медициналық қорытынды ұсынса, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші бойынша еңбек шартының мерзімін бала үш жасқа толғанға дейін ұзартуға міндетті. Яғни жұмыс берушіңіздің әрекеттері аталған нормаларға қайшы келеді. Бұл орайда сізге жұмыс орныңыз орналасқан жердегі Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің Еңбек инспекциясына шағымдануыңыз қажет.
...