0 дауыс
310 көрілді

Жұмыс орныма тұрғылықты мекенжай ретінде тіркелуіме бола ма? «Белгілі бір мекенжай бойынша азаматтарды тіркеу кітабына алынбаған адамдардың әділет органдарына жұмыс орнынан тіркелуіне болады» дегенді естіп едім. Іс жүзінде солай ма?

1 жауап

0 дауыс

ҚР Әділет министрлігі мамандарының мәліметінше, 2007 жылғы 12 шілдеде қабылданған Үкіметтің №1063 қаулысының 54-тармағына сәйкес, азаматтарды тіркеу тұрғын үйлерде, жалға берілетін пәтерлерде, бағбандық серіктестіктер мен кооперативтердің саяжай құрылыстарында, демалыс орындарында, жатақханаларда, қонақүйлер мен емдеу-сауықтыру орталықтарында, интернаттар мен қарттар үйлерінде және қызметтік ғимараттарда жүзеге асырылады. Осы қаулының 69-тармағына сәйкес, азаматтарды тіркеу кітабы физикалық тұлғаның тіркелген орнын растайтын құжат болып табылады.

Дегенмен күнделікті өмірімізде Үкіметтің кейбір қаулыларының іс жүзінде орындалмай жататынына куә болып жүрміз. Біз сауалнама жүргізген бірқатар мемлекеттік мекеме-кәсіпорындар осы уақытқа дейін бірде-бір қызметкердің жұмыс орнына тұрғылықты мекенжай ретінде тіркелмегенін айтты.

...