0 дауыс

Коммуналдық төлемақыға өсімақы (пеня) қосу заңды ма? Пәтер иелері кооперативі (ПИК) жұмысына көңілім толмағандықтан, коммуналдық төлемақыларды төлемей қойған едім. Енді коммуналдық төлемақыларға өсім қосып жіберіпті. Осы заңды ма? Өсімді ПИК қоса ма?

17.09.2014 553 қаралым

1 жауап

0 дауыс

«АЛСЕКО» АҚ мамандарының айтуына қарағанда, коммуналдық төлемдер белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда өсім қосылуы заңды. Уақытынан кеш төленген коммуналдық төлемдерге қосылатын өсімді қызмет көрсетуші әр мекеме заңда бекітілген тәртіппен өздері белгілейді.

Пәтер иелері кооперативі жұмысына көңілі толмағандықтан, коммуналдық төлемақыларды төлемей қою заңсыз. Бұл жағдайда өсім мөлшері күн санап арта береді. Ал қарызды Пәтер иелері кооперативі сізден сот арқылы өндіріп алуға құқылы.

17.09.2014

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы