Көлікке жарнама жабыстыруға тыйым салынған ба?

0 дауыс
780 қаралым

Көлікке жарнама жабыстыруға тыйым салынған ба? Танысым көлігін техникалық тексеруден өткізе алмады. Артқы терезесінде жарнама қағаз жабыстырылыпты дейді. Кішкентай ғана қағаз үшін көліктің техникалық жағдайы жарамсыз деп табыла ма, әлде көлікке жарнама жабыстыруға қатаң тыйым салынған ба?

• Санаты: Заң | 780 қаралым

1 жауап

0 дауыс

ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті мамандарының мәліметінше, ҚР «Жарнама туралы» Заңының баптарында және Мемлекеттік стандарттың 4.1.11 тармағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және автокөлік құралының моделін, мемлекеттік нөмірі мен түсін идентификациялау шарттарына сәйкес, көліктің алдыңғы, артқы тұстары мен терезелеріне, жанындағы терезелерге, төбесіне жарнама орналастыруға тыйым салынатыны көрсетілген. Сондай-ақ жарнама сипаты жоқ басқа да жапсырмаларды қолданып, терезелерді тұмшалауға рұқсат беру қарастырылмаған. Ал аэрограф пневматикалық құралымен көлік сыртын көркемсуретпен безендіруге тыйым салынбайды.

Ұқсас сұрақтар

127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,937 қолданушы