Еңбек шартын жыл сайын жасату қаншалықты заңды?

0 дауыс
634 қаралым

Еңбек шартын жыл сайын жасату қаншалықты заңды? Мен жекеменшік колледжде жұмыс істеймін. Алайда басшылық жыл сайын еңбек шартына қол қойдырып отырады. Негізі, еңбек шарты жұмысқа қабылданарда бір-ақ рет жасалынбай ма? Колледж басшылығының бұл әрекеті қаншалықты заңды?

• Санаты: Заң | 634 қаралым

1 жауап

0 дауыс

ҚР Денсаулық және әлеуметтiк даму министрлігі сарапшы-мамандарының айтуынша, біріншіден, еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бүкіл мекемелер мен ұйымдарға (олардың ұйымдық-құқықтық және меншік нысанына қарамастан) қолданылатынын атап өткен жөн. Ал, екіншіден, ҚР Еңбек кодексінің 29- бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, бұрын бір жылдан кем емес, белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Бұл жағдайда еңбек шартын қайта жасаудың қажеті жоқ.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,937 қолданушы