+5 дауыс
9.8k көрілді

Несиені төлемей қоюға бола ма? Мен жұмыстан қысқартылып қалдым. 5-6 айдан бері алған несиемді төлей алмай келемін. Қазіргі таңда банкке 560 мың теңге қарызбын. Коллекторлар қайта-қайта телефон соғып, мазамды ала береді. Енді олар қандай әрекетке баруы мүмкін, жалпы, несиені төлемей-ақ қойсам бола ма?

Қиын болған екен шыда енді амалын тап бала-шаған болса тіптен жаман.

9 жауап

+2 дауыс

Несие үшін кепілге мүлік қойылса, банк оны келісімшартта көрсетілгендей, сот шешімімен немесе сотқа жеткізбей сатуға құқылы. Кепілі болмаған жағдайда қарызгерден борышты төлеуді қатаң талап етеді. Қаласа, сотқа береді. Заң жүзінде сот өз атыңыздағы өзге мүліктерді сату немесе жалақыңыздың бір бөлігін несиені төлеуге міндеттеу туралы шешім шығаруы мүмкін. Банк дефолт болған жағдайда берілген несиелер тарату массасын жасақтауы тиіс. Сондықтан қарызгерді сотқа тарату комиссиясы да беруі мүмкін. Жақында «Валюттранзитбанктің» бір қарызгеріне кредит пен оның өсіміне қоса айыппұл төлеуді талап еткен сот шешімі келген. Айта кеткен жөн, несие төлемегені үшін тек әкімшілік жаза қарастырылған.

+1 дауыс
Төлемей қойып қайда қашпақшысыз?
+1 дауыс
Мүмкіндігінше төлеуге тырысқаныңыз жөн. Қандай жағдайда да сіз банк алдында қарыз болғандықтан олар талап етеді. Банк ішінде әр клиентке жеке мәселесіне байланысты уақытша төлемеуге қарастырлатын мүмкіншіліктері бар. Бұл жеңілдіктерді алу үшін сіз айтып отырған себепке нақты қағаз жүзінде анықтама немесе басқалай құжаттырыңыз бар болса, уақытша төлемеу туралы рұқсат алуға болады (пайызсыз, 6 айға дейін). Бұл шешімді банк әр бір жеке клиенттерге қарастырады.Күніңізге сәттілік
0 дауыс
несйені уактылы толеу дурыс, менін танысым 84000тг-ге смартфон алган болатын (досының атынан) бірнеше ай толемеген сосын банк кызметі досынын шотын жауып тастауга дейін барды . несйенін үстіндегі үстемесі 2 есе осіп кетті ақыр соны 170 000 га жуык акы толеді . ал әлгі смартфоннын багасы казыр не бары 30 000тенге . КӨРДІҢІЗБЕ ДОСЫН КИЫНДЫККА ТАП БОЛДЫ ОЗІ КОП КАРЫЗГА БАТТЫ .....
несие олда карыз Алла алдында да адам алдында да қарыздар болмауга тырысу керек
+1 дауыс
Әрине болады, төлемей жүре бер, сосын сотталасың, сен үшін барлық банк шоттары құлыптанады, тіпті жақындарың да несие ала алмауы мүмкін..
0 дауыс
Егер несиенді төлей алмайтын жағдайда болсаңыз, Проблемный отдел-ге барып, арыз жазасыз 2-3 айға.
+1 дауыс

Денсаулығыңыз жарамай қалды, жұмыстан шығарып жіберді, ай сайынғы төлемді жасауға мүмкіндігіңіз мүлдем жоқ. Не істеу керек?

Таныстарымнан осы сұрақты жиі естимін. Қарызға ақша алып қайтармасаңыз не болушы еді деп өздеріне қарсы сұрақ қоямын. Қарызға ақша алып, қайтара алмай достарынан, туыстарымен араласпай кеткен жандар көп. Бұл қарызға ақша алған жағдайда. Ал, несиеті төлеуді кешіктірсек немесе мүлдем қайтармасақ ше? Жалпы несиені қайтара алмаудың екі себебі болады. Біріншісі, «ұмытып кету» немесе салғырттық. Көпшілігіміздің қарызды қайтаратын күнге дейін асықпайтынымыз рас. «Несиені төлеуді ұмытып кетіппін, екі күннен соң есіме түсіп, барсам өсімпұлы масқара. Оңбағандар!» дейтіндер де көп. Банктердегі адамдар өз жұмысын атқарып отыр. Бірақ, оған қарамастан «екі күн ұмытып кеткенімді кешіруі керек қой» дейтіндер де табылады. Екіншісі, несиені уақытылы қайтара алмауға маңызды себептер де болады. Мұндай жағдайда не істеу керек?

Ең алдымен бірінші сұраққа жауап. Банктен алған несие әрқашан заң бойынша рәсімделеді. Себепсіз қайтармаған жағдайда, ұзақ уақытқа «ұмытып» кеткен жағдайда, заң арқылы жауап беруге тура келеді. Мұның салдары үлкен.

Біріншіден, несие тарихыңыз бүлінеді. Сіздің нашар клиент екеніңіз туралы ақпарат барлық банкке жетеді.

Екіншіден, несие кепілдікпен болса, сот арқылы немесе сотқа дейін-ақ кепілзатыңыз сатылады.

Несиеңіз кепілдіксіз болса, сот арқылы банктердегі есеп-шотыңыз жабылады. Есеп-шоттарыңызға, мысалы жалақы картаңызға түсетін барлық сома бірден сіздің банк алдындағы қарызыңызды жабуға кетеді.

Үшіншіден, қарыз алушы шетелге шыға алмайды. Сізді әуежайдан ары қарай аттатпайды. Бұл тек несие төлемеген кезде ғана емес, алиментке де қатысты.

Айтпақшы, несие рәсімдеу кезінде қасыңызда міндеттеме алушы болса, ол да банк алдында сіз сияқты міндеттеме алады. Оны да қолайсыз жағдайға қалдырасыз. 

Әрі сіздің қарызды қайтармай жүргеніңіз туралы ақпарат жұмыс берушіңізге, кәсіпкер болсаңыз бизнестегі серіктестеріңізге жетуі мүмкін. Мешкей деген жақсы ат емес екенін білесіз.

Енді екінші сұраққа келсек. Егер несиені қайтара алмауға лайықты себептер болса ше? Мысалы, денсаулығыңыз жарамай қалды, жұмыстан шығарып жіберді, төлем жасауға мүмкіндігіңіз болмады. Не істеу керек? Банктерде де адамдар жұмыс істейді. Аса қиын жағдайларда олардың да ұсынатын шешімдері бар. 

Бірінші-бірден банкке хабарласыңыз! Өсімпұл мен айыппұл, сотқа шақыртуды күтпей-ақ, банкке өзіңіз келіңіз. Банктер мұндай жағдаймен бірінші рет ұшырасып тұрған жоқ. Олардың форс-мажорлық жағдайда жасайтын ұсыныстары міндетті түрде болады. Банкке келіп, төлем қабілетіңіз аяқ асты нашарлағанын дәлелдеудің арқасында екі жаққа да қолайлы нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі бар. Сіз ең болмағанда несие тарихыңызды дұрыс сақтап қала аласыз.

Мұндай жағдайды банктер жеке тәртіппен қарайды. Өз тарапыңыздан қаржылық жағдайыңыз бен төлем қабілетіңіздің нашарлағанын дәлелдейтін (еңбек келісім-шарты, жұмыссыз екеніңізді анықтайтын құжат және т.б) құжаттарды дайындаңыз. Мұндай жағдайда сіздің пайдаңыз үшін шешім қабылдау жеңіл болады. Банк әрі қарай сізге несиені қайта құрылымдаудың түрлі нұсқаларын ұсынады және барлық келісу кезеңдерінен өткен соң, несие келісім-шартына енгізілетін өзгерістер туралы хабарлайды. Сіз келісіп, қол қойған соң күшіне енеді.

Проблемаларды шешу тәсілдері бірнешеу болуы мүмкін. Мысалы, сізге қолайлы несиелік кезең немесе несиенің негізгі сомасы бойынша уақытша демалыс беруі мүмкін. Бұл кезеңде сіз тек пайыздарды ғана төлейсіз-бұл айтарлықтай аз сома. Сондай-ақ банк несиенің төлем мерізімін ұзартуды ұсынуы мүмкін, мұндай жағдайда ай сайынғы төлем азайтылып, жаңа төлем кестесі беріледі. Бұлар несие бойынша сізге уақытша аяғыңыздан тұрып, төлем қабілетіңіз жақсарғанша, әрі несие тарихыңыз бен беделіңізді сақтап қалу үшін берілетін негізгі жеңілдіктер.

Ал, ең қарапайым кеңес – несие алуға жауапкершілікпен келіңіз! Несие бойынша ай сайынғы төлем мен несие төленіп біткенше қаражатты қайдан аламын деген ой несие рәсімдеу үшін банктердің өнімдерін салыстырып, зерттеу кезінде келуі керек. Несие алуға тәуекелді тезірек несие алуға деген құштарлық жеңіп бара жатса, несиенің келеңсіздіктері міндетті түрде боларына сеніңіз. 

Ақпарат көзі: http://forbes.kz/finances/finance/nesien_tlemesez_ne_boladyi

0 дауыс
Каспи банктен кредит алғанмын, 10 ай болды, қалған сумманы бирден тлегим келеди, төлесем үстіндегі пайызын шегереді ме?
Соны біз де білгіміз келіп отыр!!!
0 дауыс
Құны 6 000 000 тұратын машинаны қойып банктен  ақша алуға болады ма? Төлемей сол машинаны  алып қой

Ұқсас сұрақтар

...