0 дауыс
533 көрілді

Мектеп оқулықтарындағы олқылықты кім түзейді? Қазақ тіліндегі оқулықтарға көз жүгіртпіп көрсеңіз, ішінде қате өріп жүр. Әсіресе, Қазақстан тарихы пәніне қатысты көптеген даулы мәселелер бар. Осы қателіктерді қалай түзеуге болады? 

1 жауап

0 дауыс

Бұл сұраққа Abai.kz сайтында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мырза былай деп жауап берген:

– Бұл сұрақ өте орынды көтеріліп отыр. Қазіргі кезде мектеп оқулықтарының басым көпшілігін бір авторлық ұжым қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді. Сол себепті, оқулықтардағы кемшіліктердің көбі екі тілдегі оқулықтарда да кездеседі. Көп жағдайда оқулықтар орыс тілінде жазылып, қазақшаға аударылғандықтан, аудармаға қатысты кемшіліктер бар. Ол қателікті түзеумен айналысып жатырмыз. Біріншіден, қазақ тіліндегі оқулықтарды аудармай, бірден қазақ тілінде жазуды жолға қоюдамыз. Екіншіден, оқулықтарды мемлекеттік сараптамадан өткізгенде оның мазмұнына, жазылу стилі оқушының жас ерекшелігіне сәйкестігіне, оқу әдістемесінің психологиялық-педагогикалық талаптарға сай болуына ерекше назар аударылып отыр.

Қазір Мемлекеттік хатшының тапсырмасымен Ұлттық тарихты зерделеу бойынша құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы Қазақстан тарихының екі базалық оқулығын әзірледі. Ол оқулықтарды тарихшылар талқылады, «Оқулық» орталығынан сараптамадан өтті. Енді тарихшы-ғалымдар мен сарапшылар берген өзгерістер мен толықтыру туралы ұсыныстар бойынша жұмыс жасалып жатыр. Болашақта мектеп оқулықтарындағы барлық деректер сол оқулықтар негізінде берілетін болады.

...