0 дауыс
261 көрілді
Ауыл мұғалімдерінің білімі неге тексерілмейді? Қазір қазақ мектептерінде, әсіресе ауыл мектептерінде білім сапасы өте нашар. Мұғалімдердің білім деңгейі тым төмен. Тиісті органдар мұғалімдерге неге тексеріс жүргізбейді? Осы бағытта Білім және ғылым министрлігінің қандай да бір жоспарлары бар ма?

1 жауап

0 дауыс

Бұл сұраққа Abai.kz сайтында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мырза былай деп жауап берген:

– Орта білімге байланысты, мектеп мұғалімдеріне байланысты сын өте көп айтылады. Оның бәрін түзеуге тырысып жатырмыз. Жұмыс жасалып жатыр. Дегенмен, «қазақ мектептерінің бәрін жаман, басқа тілдегі мектептер жақсы» деп бөлгеніңізге қосыла алмаймын. Мәселен, қазір түрлі пәндерден халықаралық олимпиадалар өтуде, Астанада физикадан халықаралық олимпиада өтті, онда бес оқушы да жүлделі орын алды, бәрі қазақ мектептерінің, кейбірі алыс аймақтардағы мектеп оқушылары. Биология, химия сияқты жаратылыстану пәндерінен Қазақстан 100-ден астам елдің ішінде кем дегенде 23 орында. Шәкірттердің 90% қазақ мектептерінің оқушылары. Мұндай олимпиадалық жарыстарда ауыл мектептерінің оқушылары да топ жарып жүр.

Сонымен қатар, мұғалімдер кәсіби біліктерін арттыру курстарынан өтіп тұрады. Қазір педагогтардың кәсіби біліктерін арттыратын «Өрлеу» орталығы құрылған. Жыл басынан бері ол орталықтан 9 мыңға жуық мұғалім кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Оның ішінде әрине, ауыл мектептерінің мұғалімдері де бар.

Ал тексеру жағына келсек, мектеп мұғалімдеріне тексерісті Білім мен ғылым саласын бақылау комитетінің жергіліктері жерлердегі департаменттері жүргізеді. Егер олардың жұмыстарына көңіліңіз толмаса, нақты дәлел, дәйектеріңіз болса, құзырлы орындарға хабарласыңыз, біз де өз тарапымыздан шара қолдануға уәде береміз.

...