0 дауыс
497 көрілді
Орыс мектебінде оқитын балалар неге қазақ тілін жетік меңгермейді? Менің білгім келгені, еліміздегі қазақ тілді мектептердің саны қанша? Орыс тілді мектептер ше? Аралас мектептер нешеу? Жылына қанша түлек қазақ тілінде ҰБТ тапсырады? Орыс мектебінде оқитын балалар неге қазақ тілін жетік меңгермейді?

2 жауап

+1 дауыс

Бұл сұраққа Abai.kz сайтында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мырза былай деп жауап берген:

– Жалпы елімізде 7307 мектеп бар. Оның ішінде қазақ тілді мектеп – 3796, орыс тілді мектеп – 1349, ал аралас мектептер саны – 2090-ды құрайды. Ал қалған 72 мектеп басқа тілдерде білім береді. Орта есеппен жыл сайын 130 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді. Оның 90 мыңға жуығы ҰБТ тапсырады және оның ішіндегі 60 мыңға жуығы қазақ тілінде білім алғандар.

Орыс тілінде білім алатын оқушылардың қазақ тілін жақсы меңгеруі үшін қазіргі уақытта деңгейлеп оқыту стандартын, олардың оқулықтарын әзірлеу жұмыстары қолға алынып жатыр. Жалпы тілді меңгеру әр азаматтың жүріп тұрған ортасына және өзінің ерік-жігеріне байланысты. Қазақ тілін үйретуге қоғам болып атсалысу қажет.

0 дауыс
Орыс мектептерінде қазақ тілі пәні немқұрайлы береді. Орыс мектебінде оқып ана тілін білмейтіндер намыссыз еліктегіштер деп есептеймін. Орысша оқығанына өзін биік санайды. Қандай мектепте оқысада түріктер, шешендер, өзбектер, ұйғырлар ана тілінде ойланады және ана тілінде сөйлеседі бір бірімен. Ал қазақтар ғана өзге тілде сөйлейді бір бірімен. Бізде кемшілік өте көп олармен салыстырғанда.
...