0 дауыс
1.7k көрілді
Құрылыста жұмыс істейтін бір жолдасым түскі үзіліс кезінде құлап жарақат алды. Бұл өндірістік жарақатқа жата ма? Емделген күніне мекеме ақша төлеуге тиіс пе?

1 жауап

0 дауыс

ҚР Еңбек кодексінің 322-бабының 3-тармағына сәйкес, тергеп-тексеру барысында жарақат пен зақымданулардың:

1) Зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмысты немесе өзге іс-әрекеттерді функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық демалыс және түскі ас кезінде, сондай-ақ алкогольдік мас болу, уытты және есірткі заттарды пайдалану күйінде орындаған кезде;

2) Өз денсаулығына қасақана зиян келтіру нәтижесінде немесе зардап шеккен адам қылмыс жасаған кезде;

3) Зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған, қауіпті немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес, кенеттен нашарлауынан болғаны нақты анықталса, олар өндірістік жарақат және қызметкердің өндірістегі өзге де зақымдануы ретінде есептелмейді. Егер де Н-1 нысанды акт толтырылған жағдайда, аталған кодекстің 159-бабына сәйкес, жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.

Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар қызметкерге еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап еңбек қабілеті қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген олардың орташа жалақысының есебімен төленеді.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
6 жауап
Белгісіз 17.04.2012 Футбол сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
...