0 дауыс
793 көрілді
2013 жылы үш ай жұмыс істеп, декреттік демалысқа шықтым. Декреттік демалыстан кейін бірден ақысыз демалысқа арыз жаздым. Еңбек демалысына арыз жазуды білмеппін. 2014 жылы қаңтар айынан бастап жұмысқа шықтым. 2014 жылғы еңбек демалысының ақысын алдым. Енді 2013 жылғы еңбек демалысының ақысын демалысқа шықпай-ақ алсам бола ма?

1 жауап

0 дауыс
Қазақстан Республикасы Денсаулық және әлеуметтiк даму министрлігі мамандарының айтуынша, 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 192-бабына сәйкес, әйелге қалауы бойынша жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін, не балаға күтім жасауға арналған демалыс біткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.

Кодекстің 105-бабының 1-тармағына сәйкес, қызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

Кодекстің 102-бабының 2-тармағына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердің өзге де жеке қажеттіліктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.
...