Сайтты қолдану үшін FAQ танысып шығыңыз!
4 ұнайтын 0 ұнамайтын
199 қаралды
Әлеуметтік тақырыптар сұрақ қойды


Саламатсыздарма құрметті зиялы қауым сіздерге сұрағым бар еді Мен тұратын елді мекенде ойын автоматтарын орнатқан жастардың бәрі сол ойын автоматтарымен занят ақшаның соры болды ол заңды ма әлде заңсызба Ел басымыздың жарлығы бар емеспе ойын автоматтарына қарсы соған қандай жәрдем бере аласыздар қала болса мейлі ол ауылдың басына орнатылған күні түні жастар ол жерден шықпайды егер заңда болса ол қай кодексте тармақтарына шейін көрсетіп жазып жіберіңіздерші өтініш

4 жауап

3 ұнайтын 0 ұнамайтын
Мұғалім жауап берді
 
Жақсы Жауап

Ойын бизнесi туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219 Заңына сай

ҮЗIНДI:

11-бап. Ойын мекемелерiнiң орналасуы

  1. Казино мен ойын автоматтары залдары **Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында** жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегiнде орналастырылуға жатады. 
  2. Осы баптың 1-тармағында аталған аумақтарды қоспағанда, казино мен ойын автоматтары залдарын Қазақстан Республикасының аумағында орналастыруға тыйым салынады. 
  3. Ойын мекемелерi, тотализатордың немесе букмекер кеңсесiнiң кассалары тұрғын үй қорына жатпайтын ғимараттарда ғана орналастырылуға тиiс. Оларды өнеркәсiп орындары мен олардың кешендерiнiң ғимараттарында және басқа да өндiрiстiк, коммуналдық объектiлерде және қойма объектiлерiнде, ғибадат ету ғимараттарында (құрылыстарында), мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң, бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңындағы қатынастағы қоғамдық көлiктiң барлық түрлерiнiң станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады. 

Ал ойын автоматы дегеніміз - ойын бизнесін ұйымдастырушының немесе оның қызметкерлерінің қатысуынсыз, ұтысы ойын жабдығы корпусының ішінде орналасқан құрылғымен кездейсоқ жағдайда айқындалатын, құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді өткізу үшін пайдаланылатын ойын жабдығы (механикалық, электрлі, электрондық немесе өзге де техникалық жабдық); Яғни ақша тігу арқылы, ал сіздің елдімекендегі осы Заңнан жалтару үшін өзге сағыз сияқты заттарды ұтып алуға ойнатуы мүмкін.

Аталған ұйымның ісіне шағымдану үшін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне шағым түсіруіңізге болады, өйткені бұл орган туристік қызмет, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

1 like 0 ұнамайтын
Данышпан жауап берді
Ойын автоматтарына қарсы заң бар. Бірақ соны қолға алып жатқандары шамалы. біреуін жапса екіншісін ашады. Соған қарағанда ашып жатқандардың артында тіреуі бар болуы керек.
0 ұнайтын 0 ұнамайтын
Оқушы жауап берді
Ойын автаматтарына арналған зан бар ғой осыдан 1,2 жыл бұрын қаладағы барлық ойын түрлерін ҚАПШАҒАЙМЕН БҮРАБАЙҒА  кошрген болатын. каз сол заңымыз айаққа тапталды. Каз аттап бассан ойын автаматтары  тұрады. Бұның артында улкен кокелеріміз тұрғой
0 ұнайтын 0 ұнамайтын
Оқушы жауап берді
Е далбаса десеши билемиз оларды толып жатыр ар калада оларды президент токтау салганмен жергиликти шишкалар коймай тургой арсыз акымактар!

Сіздің жауабыңыз

Алдын ала көру

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

Онлайн Чат

116k сұрақ

292k жауап

153k пікір

58.9k қолданушы

...